Қазақстанда магистратураға тапсыруға келген 5705 үміткердің 4014-інен смартфон тәркіленді

14 Тамыз, 2019 121 0

Бұл туралы ҚР-ның Білім және ғылым министрі Асхат Аймахамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын магистратура мен докторантураға түсу тәртібінің өзгергені жайлы жазған едік. Жаңа форматтағы кешенді тестілеу 10-тамызда басталған болатын.

– Бірінші күннің нәтижесіне келер болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен ұсталды. Ал, 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдаланған. Олардың нәтижелері жойылды. Сондай-ақ, тестілеуге 10 бөгде адам кірген. Аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданатын болады, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Тегтер: АсхатАймахамбетов, магистратура, тест, смартфон

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.