Қаржы министрі: Несие де, қарыз да алып көрген емеспін. Тойды бұлай жасаған дұрыс емес

13 Тамыз, 2019 166 0

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов той үшін несие алудың дұрыс еместігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол қарыз ақша да, несие де алып көрмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Той жасау үшін несие алып керегі жоқ деген пікірдемін. Әдетте несиені бизнеске немесе бір іске қаржы салу үшін, несиені жабу үшін табысты арттыра түсу үшін алады. Егер кредитті жеп-ішетін нәрсе үшін алған болсаңыз, өзіңіз бен балаларыңызды жайсыз жағдайға қоясыз. Бұл дұрыс емес, бұлай жасауға болмайды», - дейді қаржы министрі. 

Әрі қарай ол мұндай әрекетке қандай адамдардың баратынына тоқталды. Мұнымен қатар, қандай жағдай болса да, адамдарды сынаудан аулақ екенін жеткізді. 

«Бәлкім бір күнмен өмір сүретіндіктен болар. Әрине, адамдарды сынауға болмайды, бірақ екінші жағынан біртіндеп бұл мәдениеттен арылуымыз керек.Үлкен мереке үшін несие алудың қажеті жоқ. Ал егер алған болсаңыз, оны бизнеске, бір іске бағыттаңыз. Бұл білім сізге табыс табуға септігін тигізеді. Бұл менің сенімім. Тойды несиеге жасау – жаман нәрсе», - деді премьер-министрдің орынбасары. 

Сөз соңында ол әлі күнге дейін тірі жанға қарызданып көрмегенін жеткізді. Айтуынша, қарыз ақша отбасының бұзылуына алып келеді. 

«Жеке өзім несие алған емеспін. Қарыз да алып көрмеппін. Егер несие алсаңыз, оны бір іске бағыттаңыз. Жас жұбайлар осы несиені төлей алмай айырылысып кетіп жатыр. Алайда бұл мәдениет шетінен өзгеруде. Қазір адамдар спорт пен білімге көбірек көңіл бөледі. Өзімнің айналамнан осы нәрселерді көремін. Меніңше, адамдар, тіпті, ішімдікті аз ішетін болған. Сол себепті болашаққа оптимизммен қараймын», - дейді Әлихан Смайылов. 

Мұнымен қатар, ол президент хабарласқан кезінде қобалжитынын жасырмады. 


Тегтер: ӘлиханСмайылов, министр, несие, той, қарыз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.