Самаурын үшін көршісін сотқа берді

06 Шілде, 2018 325 0

Қызылорда облысындағы ауылда жергілікті тұрғын қоймадан ұрланған екі самаурын үшін өзінің ауылдасын сотқа берген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Агенттіктің мәліметінше, самаурынның қолды болғанын білген тұрғын бұл мәселені сот арқылы шешуді жөн санап, аудандық сотқа жүгінді.

Себебі жәбірленушіге 20 мың теңге шамасында залал келген.

Алайда аудандық сот "Медиация туралы" заң бойынша екі тарапты татуластырып,. сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатады.


Фото: OLX.k


Тегтер: самаурын, сот, қызылорда

Пікір қалдыру