Еліміз жаңа облыспен толықты

06 Шілде, 2018 270 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына көшіру туралы қол қойған болатын.Осыған орай Шырайлы Шым каламыз еліміздегі маңызы бар қалалардың үштігіне енді.Сондықтан Елбасымыз Шымкенттің республикалық мәртебе алуы оның одан əрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне жəне қаланың алдында жаңа переспективкалар ашылатынына сенім білдірді.

Түркістан қаласы байырғы заманда бүкіл түреілердің бас қосып,құрылтай өткізетін орталығы болған.Сондықтан елбасымыздың мақсаты ескіні қайта жаңғырту болды.Елімізде үлкенді- кішілі қалалар көп сол себепті Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан қаласына көшіру арқылы сол жердің әлеуеті мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыру болатын.Міне бүгінде Елбасымыз  Қазақстанның ілгері дамуына тағы да бір жол ашты.Елдің дамуында қалалар ерекше рөлі атқарады,қалалар неғұрлым ірі,экономикасы жоғары болған сайын,соғұрлым ілгерілей түседі деп ойлаймын.

Қол қою рәсімінің соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне,Үкіметке жəне облыс əкімдігіне жарлықты сапалы əрі  шұғыл іске асыру,сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің үздіксіз əрі тиімді қызыметін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Айбек АМАНҚҰЛОВ,

жас журналист

Тегтер: түркістан, облыс, қазақстан

Пікір қалдыру