Алматыда екінші рет өрт шықты: Бір адамның мәйіті табылды

12 Тамыз, 2019 88 0

Көк-Төбенің төмен бөлігінді аумағы мың шаршы метр болатын жер өртенді. Жалынды ауыздықтау кезінде бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды newsroom.kz. 

«Бірінші өрттің төмен жағындағы Диваев көшесіндегі 21-үйге қарама-қарсы алаң өртенді. Алаңның аумағы мың шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды, оның жынысы мен кім екені анықталып жатыр. Өрттердің өзара байланысы жоқ. Соны сөндіруге кірістік», - деп жазды Әубәкіров Facebook парақшасында. 

Авиация түнгі уақытта жұмыс істей алмайтындықтан, өртті жерде жүріп сөндіруге тура келді. 

Дереккөз: stan.kz


Тегтер: Алматы, Көк-Төбе, өрт, мәйіт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.