Ақтауда құрылысшыларға құрмет көрсетілді

10 Тамыз, 2019 47 0

Ақтау қаласында құрылысшылар мерекесіне орай облыстық деңгейде салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мерекелік кеште аймақ басшысы Серікбай Трұмов құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жыл ішінде еңбекте озат, кәсіпте табыстылығымен көзге түскен бір топ озат құрылысшыларды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы» төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасымен» марапаттады. 

Жиында сөз алған өңір басшысы «Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Осы орайда, Маңғыстау өңірінде құрылыс саласы ерекше қарқынмен дамып, ауыз толтырып айтарлықтай қомақты табыстарға қол жеткізілуде. Жыл сайын кәрі Каспий жағалауымен жапсарлас бой түзеген ақмаржан Ақтау келбеті көркейе, қанаты кеңи түсері анық. Осы орайда қызу еңбектің бел ортасында тер төгіп жүрген құрылыс-сәулет саласының «сайыпқырандарына» құрылыс саласын ілгерлету ісін тың серпінмен алға сүйреп, өңір экономикасының сан-саналы дамуына қосқан лайықты үлесі үшін алғысымыз шексіз», - деп өзінің жылы лебізін білдірді. 

Мереке қарсаңында құрылысшылар облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылын назардан тыс қалдырмай, балалар үйі мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық көмек көрсетті.

Тегтер: Ақтау, құрылысшылар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.