Маңғыстауда сауда орталығында алғашқы ХҚКО бұрышы ашылды.

09 Тамыз, 2019 85 0

9 тамызда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тұңғыш рет Ақтау қаласында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, "Азаматтарға арналған үкімет" МК Маңғыстау облысы бойынша филиалымен қоса "Заман" сауда орталығының басшысы тарапымен ұйымдастырылып отыр. 

– Бұл өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында арнайы ХҚО мамандары бекітілген. Сонымен қатар мамандар азаматтарға «Электронды үкімет» порталы және Телеграм мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізіледі. Осылайша цифрлық сауатын арттыруға көмектеседі." -деп түсіндіре кетті "Азаматтарға арналған үкімет" МК Маңғыстау бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет реестріндегі 742 қызметтің 532-сі egov.kz электронды үкімет порталы арқылы, 25 түрі телеграм желісіндегі EgovKzBot арқылы, ал 80-нен астам қызметтермен сервистер Mgov мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Осылайша мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу арқылы азаматтар өз уақытын үнемдеп қана қоймай, жол ақыға кететін қаражатында үнемдей алады.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.