Атамбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды

09 Тамыз, 2019 331 0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жемқорлық бойынша айыпталды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz

Заңгер дәл қазір экс президентке қатысты көп нәрседен бейхабар болып отырғанын жасырмады. Тек әзірге істің Батукаевқа, негізінен оның босатылуына қатысты екенін айтты. 

13 жыл бұрын атышулы Азиз Батукаев 17 жылға бас бостандығынан  айырылған болатын. Ол Бішкек маңында орналасқан колониялардың бірінде төңкеріс ұйымдастырғаны үшін айыпталды. Осы қақтығыс кезінде депутат Тынычбек Акматбаев, жазаны орындау бас басқармасының басшысы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметшісі көз жұмды. 

Алайда 2013 жылы оған дәрігерлер комиссиясы қан рагы диагнозын қойғандықтан, ол түрмеден босап шықты. Босап шыққанына бірнеше сағат болған соң, ол бірден жаңа паспортпен шетелге ұшып кетті. Артынша оның босап шығуына жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысы бар екені белгілі болды. 

Батукаевқа өтірік диагноз қойғаны үшін бұрынғы вице-министр Шамиль Атаханов, Денсаулық сақтау министрлігінің экс басшысы Динара Сагинбаева және жазаны өтеу бойынша мемлекеттік қызметтің төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев ұсталды. 

Оларға жемқорлық және жалған құжат жасатты деген айып тағылып отыр. 


Тегтер: Қырғызстан, АлмазбекАтамбаев, тергеу, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.