Анығын айтқанда. Қолжетімді баспана

27 Маусым, 2018 207 0

«Хабар24» арнасында Олжас Беркінбаев жүргізетін  «Анығын айтқанда» бағдарламасының текст нұсқасы. Естеріңізге сала кететін жайт, аталған бағдарлама әр аптаның сәрсенбі күні кешкі сағат 19:25-19:45 аралығында 20 минут бойы тікелей эфирде көрсетіледі.

О. Б. - Өз үйім өлең төсегім, баспана бас мәселе, тұрғындардың тұрғын үйі қалай шешілмек. Кеш жарық құрметті көрермен. Бүгін тікелей эфирде «Анығын айтқанда» хабары. Жоғарыда сөз болған баспана тақырыбын талқыламаққа экономика ғылымдардың кандидаты, профессор Жангелді Шымшық мырзамен Құрылыс және тұрғын үй коммуналды істер комитетінің басты хатшысы Сара Құрманғожина ханымды шақырып отырмыз. Сіздермен әдеттегідей Олжас Беркінбаев. Сара ханым, Жангелді мырза, қош келіпсіздер! Өткен жылы ақпараттарға сүйенсек 2017 жылы Республиканың тұрғын қоры 11 миллион шаршы метр құраған. Оған енді мемлекеттік инвестиция түрінде берілген тағы да 1,5 миллион тұрғын мәселесін қозғайық. Енді 2018 жылы көрсеткіші қандай болуда?

С. Қ. - Осы жылдың жоспары енді бұрыңғы жылдың көрсеткіштерін есепке ала отырып кішкене жоғарлататын болдық. 2018 жылы 12,1 миллион шаршы метрден кем емес баспананы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен – 1,3 миллион шаршы метр. Енді осы 5 айдың нәтижесі бойынша 4,6 миллион шаршы метр баспана еңгізілді. Ол 40-тан аса баспана, 40 000-нан аса отбасы өз тұрғын-үй жағдайын жақсартты деп ойлаймыз. Ал ең маңызды ***ты көлемін осы жылдың екінші жартыжылдығында еңгізіледі деп күтіп отырмыз.

О. Б. - Түсінікті. Жангелді мырза, сіз экономист ретінде сіздің пікіріңізді білсек. Осы жылы наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «7-20-25» бағдарламасы жарияланды.

Ж. Ш. - Иә. 7 пайыздан ипотека берілейін болып жатыр. Енді жаңағы түсінікті ғой 20 пайыз алғашқы төлем 25 жылға беретінін осындай бағдарлама. Бұл бастама өте жақсы бастама деп есептейміз. Дегенменде бұның әр түрлі адаптары бар. Мысалы: Жапонияда 1-ақ пайыз ипотека. Скандинавия елдерін алсақ 2 пайыз. Әрине 7 пайыз біз үшін былайша айтқанда бір үлкен жетістік деп айтуға болады. Неге? Өйткені екінші деңгейдегі банктар бұдан бұрын 20-25 пайызға несиені беріп отырды. Несие деп айтқаны дұрыс емес, жалпы кредит деп айту керек оны. Несие ол мұсылман елінде пайызсыз берілетін нәрсе. Ал бұл жерде кредит деп айтуымыз керек, сол кредитті екінші деңгейдегі банктер 25 пайызға дейін беріп отырған. Ал бұл жерде 7 пайыз деген үлкен жетістік. Алайда бұл жерде екінші кезекте, Президентіміз айтты ғой, 1 пайызға салықты кемітеміз. Кімге? 60 000 теңге жалақы алатын адамдарға 1 пайыздан жаңағы, бұрын білесіздер ғой 10 пайыз бәріміз төлеп жатқан, соны 1 пайызға түсіреміз деді. Енді қарасаңыз сол 60 000 теңге алатындардың саны 1 миллион 200 мың адам. Енді сол 1 миллион 200 мың адам жаңағы 20 пайызды алғашқы нені өтей ала ма деген күмән туады. Көрдіңіз бе? Енді соншалықты жалақысы төмен адамдар осы жерде ұта ма, ұтпайма деген сұрақ туындайды. Енді меніңше, Президенттің айтқаны бар: «Народ у нас ушлый», «ушлый» - деген жылпос адамдар деген мағынаны білдіреді. Енді сондай жылпос адамдар осыны қолданып кетуі деген күмән айтқан. Ендеше әрине әр түрлі жолдармен ақшалы, қалталы азаматтар қолданып кетуі әбден мүмкін деген менің күмәнім бар экономист ретінде.

О. Б. - Сара ханым, мемлекеттік мекеменің өкілі ретінде осы пікірге сіздің қандай ойыңыз бар?

С. Қ. - Өздеріңіз білесіңіздер, егер оның табысы төмен болса ол әлеуметтік қорғалатын жағынан жататын ақылы азаматтар жігіне жатады. Сондықтан ол мемлекет тарапынан қорғалады. Оларға жыл сайын республикалық бюджеттен трансферті бөлініп жалға берілетін сатып алусыз *** беріледі. Ол үшін олар кезекке тұру керек. Ол жалға берілетін сатып алу мүмкіндігісіз тұрғын-үй пайдалану кезінде жағдайлары жақсартса, осы Ұлттық банктің «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы болсын, «Нұрлы жердің» басқа бағыттары бойынша өзіне, меншігіне сатып алуға жағдайларын жасайтын болады.

Ж. Ш. - Енді Елбасы ешкімге тегіннен тегін ешқандай үй берілмейді деген білесіңіз, естідіңіз?

С. Қ. - Иә.

Ж. Ш. - Сондықтан да бұл жерде бәрібір бастапқы 20 пайызын төлемей бұл бағдарламаны қолдана алмайды дегенді айтып отырмын мен. Түсіндіңіз ба?

С. Қ. - Иә.

Ж. Ш. - Ендеше 20 пайызды төлей алатын алаяқтар басқанын атынан үйге ұсыныс білдіруі әбден мүмкін деген мәселені айтып отырмын. Сіз бұған қалай қарайсыңыз?

С. Қ. - Сіз ықтимал деп ойлайсыңыз. Бірақ мұндай шараларды болмастыру үшін Ұлттық банк өзінің ішкі құжаттары бойынша ережелерін әзірлейтін болады және бұл ипотеканы тек қана баспанасы жоқ азаматтарға берілетін болады. Ал біздің бағыттар бойынша ол шектеулер «Нұрлы жер» бағдарламасында көрсетілген, жазылған және оны егер әкімдіктердің тарапынан берілетін кредиттік үйлер болсын, жалға берілетін үйлер болсын оны қадағалау және тексеру әкімдіктердің міндетіне жатады.

Ж. Ш. - Дұрыс-ақ, алайда сіз білесіңіз ғой, біздің менталитет дейді ғой, біздің тіліміз – діл. Әрқашанда, әйтеуір бір жерден табу туысқан, дос, жолдас, бірдеңе. Бұдан қорғайтын қорғаныш ойластырылған ба, жоқ па деген сұрақ туындайды.

О. Б. - Осымен не істеу керек сізде ұсынысыңыз бар ма?

Ж. Ш. -  Бұл жерде ешқандай амал жоқ.

О. Б. - Неге?

Ж. Ш. - Өйткені біз қазақпыз ғой. Ал қазақта заң өзіне қалады.

О. Б. - Сонда қазақпыз ғой деп қаншама адам тұрғын-үйсіз қалу керек па сонда?

Ж. Ш. - Жоқ, қала бермейді. Былай болады: үйі барлар тағы да үй алады. Бір емес бірнеше үй алады. Оны тағы да біздің ағайындарымызға жалға береді. Тағы бір мынандай мәселені айтпай қоюға болмайды осы жерде, тікелей эфир болғаннан кейін айту керек. Мысалы, өзіміздің қаланы алайық – Астана. Астана қаласын алатын болсақ, мұнда бұрыннан, орын тепкен орыс ағайындарымыз бар. Солар кезінде, мынау кісі мені растайды. Мысалы, отбасы ажырасады әдейі. Сол кезде үй... тегіннен тегін үй берілетін заман болды ғой. Сол кезде күйеуіде, әйеліде екі пәтер алады. Түсіндіңіз ба? Содан кейін, қазақ жастары, келіп жатқан қазақ азаматтары үйсіз-күйсіз, соларға жалға береді. Сөйтіп, екі жетпеге шығып жатқан азаматтар толып жатыр.

О. Б. - Енді бұл бағдарлама дәл осындай мәселемен жүрген жастарға арналған емес пе?

С. Қ. - Әрине, өйткені егер олар мынау, қалталы кісілер деп айтасыңыз, солардың 2-3 пятерлерін жалға алуға қаржылары табылса, олар мемлекеттен жеңіл, арзан кредиттік үй сатып алуға қаржысы жетеді деп ойлаймыз.

Ж. Ш. - Жоқ, мен мысалы осындай мәселені көтергім келеді: егер де кімде кім біреуге жалға үй беретін болса ол неге дұрыс салық төлемейді? Бізде ол мәселе толық шешілген жоқ. Ол заңдастырылған жоқ. Көпшілік бір емес, екі емес, бірнеше пәтердің иесі және ол оны жалға беріп сонымен күн көріп кәдімгі купон дейді. Енді соны бір шешетін уақыт келді.

О. Б. - Жангелді мырза, енді осыны сіз бір қорытындылап келесі бір сауалға көшсек. Сара ханым, осы орайда былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы жарияланды. Жалпы осы бағдарлама бойынша қандай жұмыстар жүргізуліде? Жуырда Үкімет отырысында осы мәселе сөз болды.

С. Қ. - Иә, осы Елбасы бастамасы аясында Ұлтық банкпен «7-20-25» бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаның аясында біздің де «Нұрлы жер» бағдарламасының кейбір тетіктерін қайтарып, осы Үкіметтің отырысында бір ауызбен үкімет мүшелері дауыс беріп, үкіметтің қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер еңгізілді 22-нші маусым айында. Бұл өзгерістердің ішінде жаңағы «7-20-25» бағдарламасы енді көбірек үйлер қажет болады. Солардың көлемдерін арттыру үшін біз үкімет тарапынан жалға берілетін үйлерге жыл сайын берілетін қаражатты 10 миллиард теңгеге арттыруды ұсындық және барлық жаңа тұрғын-үй құрылыстарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін қосымша 20 миллиард қаражат бөлінді, ұсындық. Сонымен қатар әкімдіктерге жаңа тұрғын үйлер сатып алуға тек қана құрылысын жасамай, сатып алуға құқықтарын, нормаларын еңгіздік. Сондай-сондай шараларды еңгізіп жатырмыз. Ол осы 22 маусымда бекітілді. Енді осы Елбасының бастамасында айтылған тапсырмаларын және еліміздің осы қантар айында айтылған жолдауында осы азаматтардың бір адамға шаққандағы тұрғын-үймен қамту көрсеткіші 2030-ншы жылға орай 30 шаршы метрге дейін жеткізу – сондай міндет алып отырмыз. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымдарының әлеуметтік стандарттары. Сондықтан біз оған талпынып, тырысып жасаймыз деп ойлаймыз.

Ж. Ш. - Мынандай сұрақ туындайды. Енді айтып кеттіңіз ғой: осындай-осындай жетістіктер бар. Әрине барлығымыз көріп отырмыз, дұрыс. Дегенменде осындай сұрақ туындайды: қалайша осының мәселесін қаржылай қандастыру? Қаржыны қайдан аламыз деген мәселе туындайды.

С. Қ. - Егер біз айтсақ жалпы Республика бойынша тұрғын-үй еңгізу көлемін мемлекеттік тарапынан еңгізуі 10 пайызға ғана жетеді. Өйткені біздің саясатымыз жеке қаржыны тарту, жеке инвестицияларды тарту. Ал мемлекет жағынан көмек ол жеке құрылыс салушыларды, тұрғын-үй салушыларды ынталандыру. Анау кезекте тұрған азаматтарға жерлеріне қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, оларға жер беріп және олар өз қаражат есебінен өздеріне жеке үй салып алуына мүмкіндік жасау. Ал қаражаты жоқ, әлеуметтік жағынан осал азаматтарға уақытша жалға берілетін тұрғын-үй беру, жағдайлары жақсартса олар меншігіне үй сатып алуға ниеттерін білдіреді және барлық тұрғын-үй құрылыстарына инфрақұрылым өткізу. Сондықтан егер өткен жылды айтсақ бір теңге мемлекеттік инвестицияларға біз төрт теңге жеке инвестиция тарттық. Биыл төрт айдың ішінде осылай еселеніп жатыр. Сондай жұмыстар атқарылып жатыр.

Ж. Ш. - Осыдан 5 жыл, 6 жыл бұрын ба бәріміз жүгіліп таңата кезекке тұрып жер телімін алуға арыз бергенбіз. Сол мәселе қашан шешіледі деген сұраққа сіз жауап бере аласыңыз ба?

С. Қ. - Негізі жер бөлу мәселесі әкімдіктермен ауыл шаруашылық  министрліктің құзыретіне жатады. Алайда біз осы жер телімдеріне қажетті инфрақұрылым жеткізу үшін және оларға үй жасауға жағдай жасау үшін, естіген шығарсыңыз пилоттық жоба дейміз, өңірлерде былтыр 184 жеке үй тапсырылды. Ол кезекте тұрған азаматтарға 120 теңгеге бір шаршы метр сатып алуға ұсынылады. Егер сатып алғысы келмесе оларға дайындалып берген жер телімдері бөлінетін болады.

Ж. Ш. - Жоқ, кезекті тұрмыс 6 жыл болды. Ешқандай шешім табылып жатқан жоқ.

С. Қ. - Енді «Нұрлы жер» бағдарламасы былтыр ғана басталды, кішкене шыдамдылық керек. Өйткені жыл бойы, былтыр біз осындай 70 000 жеке жайларға инфрақұрылым жеткіздік. Биыл 40 000 жер участкілерге инфрақұрылыммен қамтимыз деп ойлап отырмыз. Жыл сайын 40 000 аз емес инфрақұрылым жеткіземіз. Өйткені заң бойынша су жоқ, электро жоқ жерлерді беруге болмайды. Оларды енді жасап жатыр үкіметтің мүмкіндігіне қарай.

Ж. Ш. - Жарайды, онда тағы бір сұрақ. Арендалық кейіннен сатып алуға мүмкіндігі бар деген бағдарлама басталып еді. Қайда кетті ол бағдарлама? Аренда с последующи выкупом деген.

С. Қ. - Әліде жүзеге асып жатыр, биыл немесе келесі жылы аяқталатын болады себебі Қазақстан ипотекалық компания 17 000-нан аса осындай пятер кезекте тұрған азаматтарға және осының ішінде 35-ке толмаған жас отбасыларға бөліп ұзақ мерзімді жалға беріліп жатыр. Бірақ бұл үкіметке тиімді емес болып шықты өйткені бұл қаражаттың айналымы болмайды, ұзақ мерзімге жалдарын төлеп отырып сондықтан көп қаражат жай тұратын болады. Қайтарымы кеш болады. Сондықтан қазір жеңіл, арзан 140-180 мың теңге шаршы метр кредиттік тұрғын үйлер әкімдіктер жыл сайын салып отырады. Ол қаражатты әр 2 жыл айналдырып отырады, үйді салады, сатады және қайтадан құрылысқа жібереді. Ол өте ыңғайлы болады.

О. Б. - Енді құрметті қонақтар кешірімді сұраймыз. Бізге берілген уақыт таяп қалды. Қысқа-нұсқа ойларыңызды жеткізсеңіз.

Ж. Ш. - Қысқа-нұсқа болса былай: жеке жалға беретіндер 1 бөлмелі пәтерді 100 мыңға береді. Ал неге аренда соңынан сатып алатын 7-10 мың сияқты тегіннен тегін батпаң келіп соны қалай түсіндіре аласыңыз?

С. Қ. - Арзан үкіметтің арендасы деп айтсаңыз ол әкімдіктерінің меншігінде, баланстарында тұрған үйлер ғой. Олар мемлекеттік үйлер деп саналады.

О. Б. - Жангелді мырза, сіздің сұрағыңызға қазір тағы да жауап беріледі, сондықтан уақыт бөліп келгендеріңізге рақмет. Әрине тұрғын-үй өзекті мәселе, алдағы уақытта көрермен тарапынан ұсыныс түссе біз жалғастырамыз. Құрметті көрермен «Анығын айтқанда» бағдарламасы кезекті санын осымен аяқтайды. Сәрсенбінің сәтті күнінде жақсылықта жүздескенше.


Пікір қалдыру