Анығын айтқанда. Жемқорлық - індет, жою - міндет

13 Маусым, 2018 144 0

«Хабар24» арнасында Олжас Беркінбаев жүргізетін  «Анығын айтқанда» бағдарламасының текст нұсқасы. Естеріңізге сала кететін жайт, аталған бағдарлама әр аптаның сәрсенбі күні кешкі сағат 19:25-19:45 аралығында 20 минут бойы тікелей эфирде көрсетіледі.

О. Б.Жемқорлық, пара беру, ақша, онымен күресу. Кеш жарық, құрметті көрермен. Эфирде «Анығын айтқанда» бағдарламасы. Жоғарыда айтылған сөздер барлығыңызға таныс болса керек. Күн сайын жаңалықтарды ашсақ ұсталып жатқан шенділермен қаржының соңынан қамалып жатқан қылмыскерлерді оқимыз. Ал осы мәселеде бізбен сіз не білеміз? Бұл мәселені талқыламаққа Арман Тілектесұлы Бердалин мен Мақсұт Ыбырайұлы Өтешев мырзаларды студиямызға шақырып отырмыз.


Арман Тілектесұлы Бердалин – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры

Мақсұт Ыбырайұлы Өтешев – Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитеті төрағасының кеңесшісі

О. Б. – Құрметті мырзалар, қош келіпсіздер! Енді бірінші сауал. Арман Тілектесұлы, өзіңізден бастасақ. Жалпы елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр, оған халықаралық қауымдастігінің беріп отырған бағасы қандай, осы мәселеге жауапты, құзырлы органның өкілі ретінде пікіріңізді біліп кетсек сіздің.

А. Б. -  Рақмет. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген бабаларымыздың насихат сөзін негізге ала отырып біздер қазір жемқорлықпен күресу, оның алдын алу жұмыстарына көбірек көңіл беріп отырмыз. Соның аясында қазір мектеп қабырғасында оқып жүрген балалардан бастап барлығы осының ішінде қамтылып отыр. «Адал ұрпақ» деген еріктілер клубы құрылды. Мұндағы барлық өңірлерде қазір арнайы монитор тік-топтар жұмыс жасап жатыр. Агенттіктің жағынан Республикалық арнайы мониторлық тік-топ құрылып, оған қоғам белсенділері, қоғам қайраткерлері, Мұрат Әбенов, Айгүл Соловьева секілді елге танымал азаматтарының басын қосу ешкімге тәуелсіз. Сол кісілердің көзімен болып жатқан жағдайларды бақылап отырмыз. Одан қалды, қазіргі таңда түрлі, ауқымды Республика деңгейдегі, аудандық, облыстық, барлығын қамтитын іс-шаралар жұмысын жасап жатыр. Енді сол қоғамның өзін жұмылдыра отыра қазір қоғамдық бақылау картасы іске қосылды Агенттіктің жағынан. Оның нәтижесіне де, оған өзі халықтың жемқорлыққа қарсы күресуі, өзінің ауылына салынып жатқан ғимарат, салынып жатқан жол, барлық сын көтермейтін жағдайдың көбісі бірден агенттікке хабарласады. Агенттік қазір баршасына ашық. Осының барлығын халыққа жеткізіп, соның нәтижесінде, жаңағы өзіңіз сұрап жатқандай, халықаралық әлемдік ұйымдар, мысалы «Transparency International» деген 180-нен астам мемлекеттегі хал-ахуалды бақылап отырған ұйым бар. Солардың 2016 жылы бізге берілген бағасы бойынша біз 131 орында тұрған едік. Бірақ сол жаңағы қоғаммен халықтың өзін жұмылдырып отырған жұмыстың нәтижесінде біздер 9 сатыға көтеріліп, қазір 122 орынға тұрақтадық. Бұл дегеніміз 131 орында тұрғанда жемқорлық ең көп жайылып кеткен, дамып кеткен елдердің қатарына, қауіпті елдердің қатарына біздер шүкірлейтін жағдайға жетіп отырмыз.

О. Б. – Түсінікті. Мақсұт Ыбырайұлы, енді халықаралық мәртебені айтып қалдық жаңа ғана. Сіздің осы жерде пікіріңіз қандай?

М. Ө. – Жалпы әрбір реформаны алатын болсақ мемлекеттік қызмет саласында болсын, жемқорлыққа қарсы іс-саласында болсын, оның барлығы бірінші, алдын-ала халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы басталады. Ол енді мысалы егер барлық шараларды алатын болсақ Арман Тілектесұлы айтқан қазіргі кезде алдын алу жұмысына бірінші мән беріліп отыр. Ол енді тек қана Қазақстан ойлап шығарған нәрсе емес. Оны дамыған елдер Сингапур секілді, батыстың дамыған елдерін алатын болсақ, олар өздері де сол біріншіден аурудың алдын алу дұрыс деп, содан бастап келе жатқан нәрсе.

О. Б. – Түсінікті. Енді осы жерде екеуіңізге ортақ сауал қойсам. Жемқорлықпен әр ел әр түрлі күреседі. Мысалы, Грузия жалақыны көтеріп тастады, кейбір көршілес елдер өлім жазасына кеседі. Мысалы, Голландияда жемқорлықтан мойын аулақ ұстаған қызметкерлерге ақша қосады дегендей. Ал енді Қазақстан жемқорлықтың алдын алу үшін қандай шараларды жүзеге асыру керек? Сіздердің ортақ пікірлеріңіз қандай осыған?

М. Ө. – Мысалы, жазалайды дейсіз, ақшалай көмек береді дейсіз... Енді менің ойым бойынша жалпы жан-жақты, кешенді шараларды қолдану керек. Оның ішінде жазалар да болуы керек, оның ішінде марапаттауда болу керек. Тек қана жазалайтын болсақ бұл жерде бір қателік бар.

О. Б. – Қандай?

М. Ө. – Әрбір азамат, әрбір мемлекеттік қызметші заңның алдында бірдей болуы керек. Қандай мемлекеттік қылмыс шықса да, қандай лауазымда болса да – оған мән берілмеу керек. Ол біріншісі. Егер мынаның лауазымы министр немесе министрдің орынбасары, әкім, оған заңның көзқарасы басқалай болып, ал енді басқа адамдарға, специалисттерге басқалай болса, онда заң істемейді деген.

О. Б. – Түсінікті. Арман Тілектесұлы, сіздің қосатыңыз қандай?

А. Б. – Жалпы жаңағы талай мемлекеттерді айтып жатырсыз ғой. Мысалы, атып тастап жатыр. Расында да қабырғаға теріс қаратып қойып, атып тастап жатқан мемлекеттерде бар. Бірақ та онымен жемқорлықты жеңе алмаймыз. Біздің қазақ халқы тәрбиеге көп мән беретін болған. Осыны біздің агенттікте негізге ала отыра, қазір айтып отырмыз мектеп қабырғасынан не үшін бастап отырмыз? Себебі қазірден бастап парталасының қаламын қалтасына салған бала ертен қазынаның қаржысына қол салуы мүмкін. Осының барлығын ала отырып біздер тәрбиені тау бесіктен бастағанды жөн көріп, алдын-ала жұмыстарын жасап жатырмыз. Ал анау жүз-мыңдап қабырғаға теріс айналдырып қойып теріс атып тастасаң, оның арғы жағында, негізінде, түбінде, шаңырағында тәрбиелік жұмысы жатса, барлығы бос өміршілік болады.

О. Б. - Демек, жемқорлықтың түбінде тәрбие жатыр дейсіңіз ғой сонда?

А. Б. – Әлбетте, кез келген ата-ана бір үлгі пара беріп, уйіңді талқылап отырса оны естіп отырған бала не істейді? Ұяда не көреді, ұшқанда соны ілетінің кері болып отыр. Сондықтан біздегі қазір ол жемқорлық дегеніміз, парақорлық дегеніміз бір ұялмайтын нәрсе болып кеткендігі секілді. Кейбір адамдар тіпті біреуден құтылып кеткендігін мақтаныш сезіммен айтып отыратын жағдайды көріп жүргеніміз, жайымыз бар. Сондықтан біздер не істеуіміз керек? Тәрбие жағынан келсек... Ол жағынан агенттік барлық жағдайын жасап жатыр. Барлық өңірлерді біздің өңірлік департаменттер жаппай бүкіл қоғаммен жұмыс жасап жатыр. Жаңа айттық қой – қоғамды өзін жұмылдырып отырмыз. Неге? Оған жаңағы мемлекет қызметшілерді топтаптастырған жоқпыз. Оған кімге не айтсада, ашық айта алатын, ақиқатты ашып, шындықты шырылатып жеткізетін азаматтарды өзіміз құрап отырмыз. Алдыңа ас қойдым, қолыңды бос қойдым дегендей ал міне, сіздерге бердік, сіздер қараңыздар, бізге айтыңыздар қай жерде жеңілеміз, қай жерде осал тұстарымыз бар. Көрдіңіздер ме? Осыған біздер қазір бүкіл өңірлерді аралап өткендігімізде халыққа айтып жатырмыз: Біз ашықпыз. Жеті темірдей есіктің арғы жағында жеті қабат киізге оралып жатқанымыз жоқ. Кез келген қазақстандық жемқорлықты осылай жеңсе болады деген өзінің нақты ұсынысы болса, бізге әрқашан хабарласуға мүмкіндігі зор.

О. Б. – Тамаша. Енді бұл жерде бір сауалды айта кетейін әлемді өзгерткін келсе, өзіңнен баста деп. Ал сіздер осы бағытта отбасыларыңызға қандай шара жасайсыңыздар?

А. Б. – Біздерде, тағы да агенттікке келетін болсақ, «Рухани жаңғырудың» аясында өзгерісті өзіңнен баста деген үлкен бағдарлама жұмыс жасап жатыр. Демек, дұрыс айтып жатырсыңыздар – Отан отбасыдан басталады. Әркім өзінің шаңырағында... Мен қарапайым қойшының баласымын. Әкем 40 жыл қой баққан адам. Сонда ол маған нені үйретті? Біреудің ала жібін аттама дегенді үйретті. Мен қазір өз кезегімде өз балаларымның саналарына осыны сіңіп жатырмын. Көрдіңіз ба? Демек, көп адамдар өзінен барлық күнәні алып тастап, мектептен көреді, қоғамнан көреді, ортадан көреді, жұмыс орнынан көреді. Жоқ! Әркім өзінің шаңырағында баласына дұрыс тәрбие берсе, оны ешқандай жаңағы желде, ауада бұза алмайды.

О. Б. – Түсінікті. Мақсұт Ыбырайұлы, сіз не қосасыңыз? Мүмкін айтарыңыз бар шығар сіздің.

М. Ө. – Енді мынау мәселені айтатын болсақ, қараңыз: хабтың жұмысы негізі үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт – әріптестікті орнату, екінші – әлеуметтікті көтеру және оқыту және үшіншісі – зерттеулерді жасау. Енді жалпы хабтың алдына қойылып жатқан мақсаттардың бірі Қазақстанның беделіне жұмыс жасау, елдің беделіне жұмыс жасау. Қазіргі кезде 2000-ңшы жылдан бастап реформалар көп болды ғой мемлекеттік қызмет саласындағы. Қазақстан сол реформа жүргізу жетекшілердің бірі болып табылады. Соның барлығын халықаралық ұйымдар, халықаралық мамандар оның барлығын мойындайды. Ең бастысы – 2000 жылы заң қабылданды ғой мемлекеттік қызмет туралы. Сол кезде сол заң мемлекеттік қызметке біздің өңірімізде бірінші болып конкурстық іріктеуін еңгізді. Сол заңның әсері жоғары. Сол кезден бастап хабтың құрылымының негізі сол ғой. Жалпы Қазақстан осы реформалардың ішінде алдыңғы қатарда болмаса, хабтың құрылуы екіталай. Соның барлығын мойындап хаб құрылды, соның барлығын мойындап қандай біздің реформалар бар, көршілес елдерін қарап, соны зерттеп, тәжиребесін алып отырмыз.

О. Б. – Түсінікті. Жаңалмасақ сізде, хабта 36 мемлекет...

М. Ө. – 40.

О. Б. – 40 ел мүше болды. Керемет. Енді сіз мемлекеттік қызмет туралы заң деп қалдыңыз. Енді мемлекеттік қызмет туралы заң болған жерде келесі бір сұрақты Арман Тілектесұлыға қойғым келіп отыр. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқып қалдық пилоттық жұмыстар әзірленіп жатыр екен. Ол қандай пилоттық демек мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріліп жатыр екен. Осы туралы айтып кетсеңіз.

А. Б. – Өте жақсы. Ол қазір қоғамда кең талқыланып жатқан мәселе. Осы 30 елінің қатарына кіруіміз үшін Елбасы алдымызға не мақсат қойды? Кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың бір жолы мемлекеттік қызметшілердің алдыңғы жағдайын көтеру, жалақысын көтеру. Бұл жерде факторлық, баллдық, шкала сүйеніп еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі еңгізілді. Пилоттық режимде бұлар алдын-ала агенттік, аймақтық бөлемшелерді қоса алғанда, одан әділет министрлігі, одан Астана қаласы және Маңғыстау облысы әкімдіктерінде осы жүйе жылдың басынан жұмыс жасап келе жатыр. Нәтижесі екі бөліктен тұрады. Біріншісі – тұрақты, екіншісі – ауыспалы. Жылдың соңында жасалған жұмыс нәтижесіне сай ол жалақысына бонус қосуға болады. Бұл жерде баяғыдағыдай 20-30 жыл жұмыс істепті, оған көбірек ақша бер деген мәселе емес. Бұл жерде тек қана ол емес, қаншалықты жұмыс жасайсыңыз. Мысалы, бұрын өңірдегі мемлекет қызметшіден гөрі орталық, Астанадағы жұмыс жасайтын мемлекет қызметкердің жалақысы анағұрлым көп болатын. Айырмашылығы 70 пайыз болатын. Біздер осының арқасында 10 пайызға дейін төмендеттік. Өйткені елдің барлығы сондықтан Астанашыл, Астанада жұмыс жасағысы келеді, өзінің өңірінде, өзінің туып-өскен жерінде жұмыс жасағысы келмей жатады. Ал қазір пилоттық жігі негізінде 2,5 есеге дейін жалақылары көтерілді мемлекеттік қызметшілердің. Яғни бір орынға 50 адамға дейін қазір адамның қатары өскенді көріп отырмыз.

О. Б. – Бұрын қанша адам таласып еді бір орынға?

А. Б. – 2-3 адамнан, әрі кетсе 5-6 адам болатын. Қазір 50 адамға дейін бір орынға сұраныстың жоғарлағанын біз көріп отырмыз. Бұл нені білдіреді? Егер мемлекеттік қызметшінің әл-ауқаты жақсы болса, ол жемқорлыққа бармайтынына біз кәдімгідей сенеміз. Жаңа өзіңіз айтқандай қазір көптеген мемлекеттер жемқорлықты жеңу жолында осы жағына назарды қатты бөліп отыр. Енді факторлық *** сүйеніп мысалы бір адам ештеңе жұмыс жасамай, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен өтіп шығады. Екіншісі тер төгіп отырып, жұмыс жасайды бірақ айдың соңында екеуі бірдей айлық алады, не сыйақы алады. Бұл әділетсіздік болатын еді. Не жұмыс жасадың, соған сай, қорытындысына сай жалақыңды аласың.

О. Б. – Түсінікті. Енді келесі сұрақ, тағы да екеуіңізге ортақ сұрақ. Мақсұт Ыбырайұлы, қарап отырсақ көптеген мемлекеттік қызметкерлерге, жалпы мемлекет қызметкерлерге бизнес айналысуымен тыйым салынған. Осыған қарамастан, мемлекеттік қызметкерлердің жұбайлары бизнеспен айналысып жатады. Сосын олардың енді қарап отырсақ, жасырағы жоқ, киген киімдерінің, көліктері, тұратын үйлері – барлығы жоғары деңгейде. Соған енді біздің мемлекеттік қызметкерлерінің жұбайларының бизнеспен айналысқаны дұрыс па? Ол заңға қайшы емес пе? Жалпы халықаралық қауымдастықта, әлемде осы мәселе қалай реттестірілген?

М. Ө. – Енді мынау сұраққа келетін болсақ, жалпы киімі, көлігі, үйлері қымбат болуы мүмкін. Қымбат бар оның ішінде. Неге деген сұраққа жауап бергенде, бірінші мен неге екендігін білмеймін. Ол жерге былай қарау керек: бір жақтан сол мемлекеттік қызметке бизнестен келген болуы мүмкін. Ол бизнестен келді. Одан бұрын машинасы, көлігі, жағдайы жасалып келген болуы мүмкін. Енді екінші жағынан қарайтын болсақ, мемлекеттік қызметке келіп, одан бұрын ештеңе жасамай, келісіммен бастап, үйінде таппады, енді көлігі бар, мемлекеттік қызметке келгеннен кейін – ол жерде сұрақ туындау мүмкін. Қайдан ақша? Неге қолыңда қымбат сағат? Неге люкс автомобиль? Мысалы кейбір елдерде «презумпция коррумпированности» деген Сингапурда, Гонконгта сондай *** бар. Егер мемлекеттік қызметші өзінің пайдаланған қымбат заттарына жауап бере алмайтын болса, ондай адам өзін ақтау керек. Өзі ақтау керек. Мынау машина мысалы осындай-осындай ақшаға алынды.

О. Б. – Осы жерде қоса кетейін. Арман Тілектесұлы, бізде ол мәселе қалай болып жатыр?

А. Б. – Ол енді заң мәселесін қарайтын болсақ, мемлекеттік қызметшінің өзі болмаса, оның жұбайына, туыстарына бизнеспен айналысуға тыйым салынбаған. Яғни ол уақытында салығын төлеп отыратын болса, заңнан аттап шығып кетпесе, оның кәсіппен айналысуы әбден мүмкін және болады оған. Бірақ көп адамның ұғымында мемлекет қызметші неге қымбат көлікке мінеді, неге қымбат үйде тұрады. Енді ол мемлекеттік қызметші болып ат-арбамен жүріп, лашықта тұру міндетті емес қой. Ол да адам баласы. Ол да мемлекетке таңертеден күн батқанға дейін жұмыс жасап жатыр. Ол да жақсы жағдайда өмір сүргісі келеді. Бірақ жаңағы харам жолмен табылмаса болды, қалғаны, өзінің жалақысы, соған реті келіп отырса. Қазір банкте түрлі кредит алуы мүмкін. Осы кісі айтып тұрғандай, бизнестен келуі мүмкін мемлекеттік қызметке. Сондықтан бұл жерде ешқандай... бір-екі жемқор бола, біз барлық мемлекеттік қызметшіге жаңағыдай күдікпен қарауға болмайды.

О. Б. – Түсінікті. Мақсұт Ыбырайұлы, нені қосайын деп едіңіз?

М. Ө. – Жалпы бизнес туралы айтатын болсақ, ол қазіргі кезде мемлекеттік қызметке бизнестен келеді ғой. Заңда норма бар. Бизнестен мемлекеттік қызметке келетін болсаң, мүлікті басқа адамға беруің керек. Бірақ қазіргі кезде ол норманың жұмыс істеуі қалай? Ол кішкене есіріп кеткен норма секілді. Мысалы кейбір адамдар бизнестен келіп, бизнесін басқа адамға сеніп, беріп отырса, басқа туысқанына береді. Сонымен қатар, лауазымды өзінің өкілеттері теріс пайдалану мүмкіндігі қалып тұрады ғой. Сол жағынан заңда осындай мүмкіндік бар: егер бизнесі бар адам мемлекеттік қызметке келетін болса, үлкен бизнесі болса, ол сол саланы қадағалайтын болса, сонда ол сол бизнесті сату керек. Егер мемлекеттік қызметке кіріп бизнесің басқа адамға барып, сен оны қадағалайтын болсаң ол мүделік қақтығыс. Оны шешу керек осы жерде мемлекеттік қызметке кірмес бұрын.

О. Б. – Түсінікті. Арман Тілектесұлы, мүделік қақтығыс деп қалды. Осы мәселені шешу үшін сіздің пікіріңіз қандай?

А. Б. – Жалпы енді кез келген жерде тереңдеп қазатын болса мүделік қақтығысын анықтауға болады. Жаңағыдай мәселені айтып отыр ғой мысалы өзі басшы болып отырып, мемлекеттен берілген қаражатты өзінің бизнесіне икемдеуі мүмкін. Бұл жерде жаңағыдай нақты заң тетіктерін еңгізу керек. Басқа жобаларды көріп отырғаным жоқ өз басым.

О. Б. – Түсінікті, енді құрметті қонақтар, бізге берілген уақытымызда таяп қалды. Пікірімізше, бұл жемқорлық – ол індет, ал оны жою – ол жалпыға міндет. Сондықтан қоғам болып, жұрт болып күрісетіндей***. Біздің қызметіміз, сіздің қызметіңіз араша сәттік тілейміз. Сондықтан құрметті көрермен, «Анығын айтқанда» бағдарламасы өзінің кезекті шығарылымын осымен аяқтайды. Сіздермен бірге болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменттің директоры Арман Тілектесұлы Бердалин және Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасының кеңесшісі Мақсұт Ыбырайұлы Өтешев. Эфирді жүргізген Олжас Беркінбаев. Сәрсенбінің сәтті күнінде, жақсылықта жүздескенше!  






Тегтер: анығын, айтқанда, жемқорлық, хабар24, арман, бердалин, олжас, беркінбаев, мақсұт, өтешев

Пікір қалдыру