Анығын айтқанда. Белгілі де белгісіз білім саласы

20 Маусым, 2018 266 0

«Хабар24» арнасында Олжас Беркінбаев жүргізетін  «Анығын айтқанда» бағдарламасының текст нұсқасы. Естеріңізге сала кететін жайт, аталған бағдарлама әр аптаның сәрсенбі күні кешкі сағат 19:25-19:45 аралығында 20 минут бойы тікелей эфирде көрсетіледі. 


О. Б.Жыл сайын көтеріліп, жыл сайын айтылып жүрген мұғалімдердің мәселесі. Білім мазмұны. Жыл сайын басынан дау арылмайтын ҰБТ. Еліміздің білім сапасы қандай? Қандай білім беріліп жатырмыз? Оның қайтарымы қандай болып жатыр? Кеш жарық құрметті көрермен. Эфирде «Анығын айтқанда» бағдарламасы. Біздегі қонақтар Асхат Айтмағамбетов және Нұрмұхаммед Досыбаев.

Асхат Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.

Нұрмұхаммед Досыбаев – Білім саласын ғылыми зерттеу және ақыл кеңес беру компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, біліктілікті арттыру бойынша халықаралық курстар өткізеді, білім саласының сарапшысы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетін тәмамадаған.

О. Б. – Қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі талқыланатын тақырып «Белгілі де белгісіз білім сапасы». Асхат Қанатұлы, бірінші сұрақ өзіңізге. Біздің Республикада үш ауысымда оқитын мектептер бар екен және осы түткілі мәселелер қалай шешіліп жатыр? Осы сұрағамызға жауап берсеңіз.

А. А. – Енді жалпы өздеріңіз білесіңіздер Республикамызда шын мәнінде үш ауысымды да апатты жағдайдағы мектептер проблемасы бар. Бірақта 2015-ншы жылмен салыстырсақ біраз жұмыстар жасалып жатыр. Бұл мәселе Елбасының тікелей назарында екенін білесіздер. Елбасы тапсырмасына сәйкес біраз қомақты қаржы республикалық бюджеттен бөлініп осы екі жылдың ішінде 150-ге жуық осы мектептер салынып бітті. Бүгінгі, қазіргі уақыттың өзінде біздің еліміз бойынша 83 мектеп салынып жатыр биылғы жылы. Жалпы біздің әлі күнге шейін ақшамыз жетпеген, қолымыз тимеген мектептердің саны 90 деп айтуға болады. Осы 90 мектепті де біз жуырда осы мәселені шешеміз деп отырмыз. Бірақта бұны біздің бүгінгі күні ойымыз біз тек қана мемлекеттің қаражатынан ғана шешу керек деп мұндай шешім ол тиімді емес деп санаймыз. Неге десеңіздер өйткені ол үш ауысымды мектептің саны, апатты жағдайдағы мектептің саны ол жылдан жылға ол проблема шыға береді. Неге десеңіздер туу мәселесі бар. Құдайға шүкір біздің халықтың саны өсіп келе жатыр. Ол бір. Екіншіден, урбанизация деген мәселе бар. Астана қаласына, Алматы қаласына, Қарағандыға, басқа үлкен-үлкен қалаларға шұғырланып біздің халық сол қалаларға көшіп жатыр. Сондықтан әрине де сол үш ауысымды мектептер, апатты мектептер бірте-бірте ескіріп жатыр. Ол проблема жылда шыға беретін проблема болғаннан кейін, оны жүйелі түрде шешу керек. Жүйелі түрде шешу керек дегенде оны тек қана мынау мемлекеттің қаражатына қарап отырсақ бұл мәселе жүйелі түрде шешілмейді. Сондықтан біздің министрліктің ойы бүгінгі күні осы мәселені біз «Балапан» бағдарламасы, механизмі сияқты шешу керек деп ойлап отырмыз. Енді оны өздеріңіз білесіңіз, біз жылда-жылда жай-жайдан «Балапан» бағдарламасы басталмай тұрып, балабақшаларды салдық. Бірақ оны салғанымызда, мектептің бір жылда мысалы бір мыңнан балабақша салуға мемлекеттің бүгінгі күні шамасы жетпеді. Сондықтан мемлекет, мемлекеттік тапсырыс беру арқылы бұл мәселені шешуге көшкен болатын. Сондықтан осы 4 жылдың ішінде мыңдаған балабақшалар жеке кәсіпкерлер өздері ашып, оған мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөліп мемлекеттік тапсырыс ретінде осы мәселе өте тез шешіліп жатыр. Бүгінгі күнде біздің Республикамызда 91 пайызға дейін балаларды балабақшамен қамту өсті. Осы механизмда біз мектеп саласына көшіріп, мектеп мәселесін осы жеке меншік, мемлекеттік серіктестік механизм арқылы шешеміз деп ойлаймыз. 

О. Б. – Тамаша. Нұрмұхаммед Маратұлы, осы жерде сіздің пікіріңіз қандай? Жаңа сұрақты мектептен бастағанбыз, балабақшамен қамтып жауап алдық. Енді сіздің қосатыңыз болса.

Н. Д. – Халықаралық тәжиребе ретіде айтайын. Бұған дейін бағанағыдай өзіміздің компаниямызбен Индия елінде осы мәселені анықтауға барған болатынбыз. Содан кейін Германияға бардық, жақында Финляндияға барып келген болатынбыз. Сол жерде көргеніміз маған шында, Асхат Қанатұлы айтпақшы, бізді қуанталық жағдай ол бала туылса, өссін дегенде байланыс болса, Индиядада тура сондай жағдай бар. Мысалы, бір сыныпта 55 балалар отыратын олар үшін бір кәдімгі қарапайым мәселеге айналған жағдайы бар. Шыны керек, біз Еуропаны салыстыратын болсақ, олар керісінше. Бағанағыдай, мектепте балалар саны азаяды. Өйткені туу мәселесі азайып жатыр. 

О. Б. – Кешірім сұраймын. Бізде бір сыныпта орташа неше бала оқиды?

А. А. – Бір сыныпта заң бойынша 25 бала оқу керек бірақ өздеріңіз білесіңіздер, жасыратыны жоқ, Астана қаласында, Алматы қаласында, бір сыныпта одан көп оқитын мектептер бүгін көбейіп бара жатыр. Сондықтан бүгінгі күні, мемлекеттік тапсырыс беру арқылы осы мәселені жүйелі түрде шешу керек деп ойлаймыз. Қазір Астана қаласында мысалы жуырда конкурс өтетін болады. Астана қаласы жан басына қаржыландыру пилоты бойынша еңіп үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жан басына берілген қаржыландыру арқылы біздің жеке меншік кәсіпкерлер өздерінің ақшасын салып, жаңа мектептерді салып, біз мемлекет тарапынан сол барған балалар үшін мемлекеттік тапсырыс беріп отырамыз деп осылай мәселені өте қысқа мерзімнің ішінде шешуге болады деп сенеміз.

О. Б. – Түсінікті. Сіздің сөзіңізді бөліп жібердік, жалғастыра кетсеңіз.

Н. Д. – Меніңше айта кету керек, бізді көптеген көрермен көреді, ұстаздар көреді, ата-аналар көреді. Бұл министрлітің *** өте орынды деп ойлаймын себебі Индия сияқты елдерді аралағанымызда сондай нәрсеге көзіміз жетті. Олар осы жеке меншік секторда тарта отырып әлеуметтік мәселені ретке келтіруді қолға алған екен. Дәл осылай *** шаққанда қаржыландыру арқылы сол жерге бағанағыдай, қоғамды тарту арқылы қазір мәселені шешіп жатыр десе болады. Бір жағынан екінші мәселеде бар. Мемлекет мектепті соғумен қатар басқару ретінд ғана саналады. Айналып келгенде сол мектепті соғатын ол жеке меншік компаниялары болады. Бірақ жеке меншік компаниялары сол мектепті соққан кезде олар өздері үшін соқпайды, олар мемлекеттік тапсырысты орындаған болып, кейбір кездерде ол дәл осы мәселеге байланысты, соғылған мектептің сапасында оқулықтар болуы мүмкін. Ал егерде дәл қазір кейбір жаңашылықтар еңгізу арқылы мектеп соғушы компаниясы оны өзіне соққандай болатын болса әрине бұл жерде мектептің соғылу мерзімде қысқаратын болады, сапасыда арттатын болады.   

О. Б. – Түсінікті. Енді осы сұраққа толықтай жауап алдық деп ойлаймыз. Енді өздеріңіз білесіңіздер, елімізде «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасы жүріп жатыр. Жалпы енді Қазақстандағы мектептерді заманауи технологиялармен жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр?

А. А. – Енді мемлекеттік үлкен бағдарлама қазір іске асып жатыр. Ол бағдарлама өте маңызды. Білім басқармасы үшін, білім бағыт үшін, білім министрлігі үшін өте маңызды бағдарламаның бірі сондықтан біз үлкен көңіл бөліп жатырмыз. Жалпы Цифрлі Қазақстан деген тек қана осы мектептерге компьютер алып беруге байланысты емес өйткені біз қазіргі уақытта құдайға шүкір жалпы еліміздің мектептерінде компьютерлар саны жалпы жеткілікті. Әрине ол компьютерлер ескіреді, жылда біз жаңартып отыруымыз керек бірақта осы Цифрлі Қазақстанның ең басты керегі біздің мектептер болсын, балабақшалар болсын, университеттер болсын, жалпы білім саласы ол мемлекеттік қызметті көрсететін сала. Сондықтан халыққа осы қызметтерді қалай біз онталандырып, жеңіл, кабинетінен шықпай, үйінен шықпай, телефоннан шықпай, беруге болады деген мәселені шешетін бағдарламаның бірі. Екіншіден бұл бағдарлама мынау әділеттікті, балабақшаларда орын болатын болсын, грантқа түсу мәселесі болсын, бірінші сыныпқа баланы мектепке бері мәселесі болсын, осы әділеттікті бізге беретін, әділетке жеткізетін бағдарлама деп біз санаймыз тағы да. Жалпы коррупциялық рисктар бар бізде, тағы да басқа көп мәселелерді шешетін Цифрлі Қазақстан бүгінгі күні.

О. Б. – Жақсы. Нұрмұхаммед Маратұлы, жаңа сіз Индия, Германия, Финляндияны айтып қалдыңыз. Жалпы осы елдерде оқу орындарын цифрландыру үдерісі қалай жүргізіліп жатыр. Өзіңіз өңірде жұмыс істедіңіз. Бізден неде айырмашылықтары, ерекшеліктері бар екен?

Н. Д. – Әр елдің ерекшеліктері әр түрлі деп айтуға болады. Барлығына тән бір ерекшелік – Қазақстанның білім саласына алып жатқан беті өте дұрыс деп санаймын. Осы цифрлік бағдарлама саясаты іске асуы шындада көптеген өзгеріс енейді. Біз өзіміз Шымкент қаласында білім бөлімінде жұмыс жасағанымызда осы жүйелерді ақпараттандыру мәселесі еңгізген болатынбыз. Құдайға шүкір қазір көріп отырмыз ол тәжиребе Қазақстанның аумағына таратылып жатыр. Ал енді ақпараттандырумен тек қана бір процесс *** ету деп қана түсінбеймін себебі Кембридж университетінде осы мәселе бойынша зерттеген болатын. Ол оқу процессін өзінде бағанағыдай ақпараттық технологиясын қолдану мәселесу бар. Ол ұстаздар, оқушылар ақпараттық технологияларды бір біліммен алуда, тиімді пайдалану арқылы, бір-бірін сапалы түрде алу мәселесі бар. Мысалы, екіншісі, ол бағанағыдай кез келген қазір оқушы ол 21-нші ғасырдың азаматы болғандықтан сол цифрлік қабілеттер, медиадағдылар, соның қалыптасуына өте үлкен әсер етеді. Ол деген айналып келгенде экономиканың өсуіне әсер етеді деген халықаралық тәжиребелердің зерттеуі осылай айтылып отыр. Сол себепті біз сол бағытта қоғам болып осы ақпараттандыруға көшсек деген ниетім бар.

А. А. – Шын мәнінде, бұл бағдарлама ең түбінде білім сапасын көтеруге үлкен септігін тигізеді деп білеміз және ол тек қана теория емес. Бір осы 2 жыл бойы цифрлік ресурстары, білім беру ресурстары біздің мектептерімізге еңгізуді бастаған болатынбыз. Пилот ретінде оны біздер де көрдік. Осы ресурстарды қолданған мектептерде білім деңгейі, білім сапасының өсуі қалған бақылау мектептерімен салыстырғанда біраз алдыға жылжыған. Сондықтан цифрландыру мәселесі ол тек қана коррупциялық рисктар және білім беру процессін ынталандыру процессін ғана емес, жеңілдету ғана емес, ол жаңағы білім беру сапасын арттыруға және тануға барлық мүмкіндік бар деп ойлаймыз.

О. Б. – Түсінікті. Енді келесі сұрақты Нұрмұхаммед мырзаға қойсам тағы да. Биылғы еліміздегі білім берудің сапасыменен, білім реформалар және білім мазмұны туралы айта кетсеңіз. Сіз өзіңіз бастадыңыз, енді сәл аяғына дейін жеткізіп берсеңіз.

Н. Д. – Енді бағанағыдай халықаралық тәжиребеге сүйенетін болсақ, білім мазмұны дегенді ағылышынша Curriculum деп атайды оны. Қазір орысшасы да Курикулум болып кетті. Қазақша енді мазмұны деп жатырмыз. Енді білім мазмұны ол бүкіл болашағына тікелей әсер ететін не екендігіне көзіміз жетті себебі қандай мазмұнды алып шығады бала, кейін ары қарай сол мазмұнға сәйкес ол бойында дағдылар, қабілеттер, құндылықтар, мінез қалыптасады деп айтып жатыр халықаралық тәжиребе. Сол қарастың маған ең ұнаған тәжиребенің бірі ол үлкен сыныптарға келген кезде оқушылардың бағанағыдай 12-15 пән емес, өзіне тиісті мамандық таңдайды, мамандығына тиісті пәндерді негізделу, шұғырлану. Сол Германияның, Финляндияның тәжиребесі ұнады десе болады. Сол себептен меніңше қазір осындай бір бағыт алынып жатса бұл өте құптарлық жағдай деп санаймын.

А. А. – Жалпы білім беру бағдарламасы жаңартты деп жатырмыз ғой. Жалпы біздің елімізде бұл мәселе қазір іске асып жатыр деп айта аламыз себебі өздеріңіз білесіздер 2016-ншы жылдан бастап бізде 1 сыныптар осы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша осы бағдарлама еңгізіліп, 1 сыныптар осы бағдарламамен оқу бастады. Биылғы жылы 2-,5-,7-сыныптар көшті. Құдай қаласа биылғы жылы қыркүйек айында 3-,6-,8-сыныптар көшетін болады. Жалпы біз 2020 жылға дейін осы барлық 1 сыныптан 11-ге дейін барлық сыныптар осы бағдарламаға көшеді деп ойлап отырмыз. Бұл жаңа юбағдарлама шың мәнінде өте тиімді. Жалпы біздің барлық мектепке еңгізбей тұрып біз оны зерттеуден өткізген болатынбыз. Қазір бұл бағдарламаға қарағанда біздің қоғамымызда әр түрлі пікірлер бар. Сын пікірлері де аз емес, оны білесіздер, өйткені бүгін оны түсініп жатқан біздің қоғамымыздағы түсінбей жатқан адамдар аз емес. Жалпы бүгін сол мәселе бойынша біз былай айтуымыз керек – біз 15 жылы, 14 жылы пилоттық мектептерде ең басында бастап кеттік. Сондықтан бүгінгі күнге дейін, 2018 жылға дейін, жаңағы пилоттық мектептер бар, бақылау мектептер бар. Осы зерттеуді біз әлде тоқтатқанжоқпыз. Осы зерттеудің басында алған, бүгінде қарап отырған ең басты тенденциясы ол білім беру сапасының арттыруы. Мысалы бүгінгі күні динамиканы қарайтын болсақ, бақылау мектептерінде динамика 19 балл болса, біздің жаңа бағдарламамен оқыған мектептерде – 38. Ол дегеніміз екі есе жаңағы бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Ол біріншіден. Екіншіден, тағы да біздің білім саласындағы ең маңызды мәселе біз мектептердегі жақсы оқитын балалармен жақсы оқымайтын балалармен арасы жер мен көктей. Біз осы арасын азайтуымыз керек. Мысалы біз зерттеулерді жүргізгенде біз әдилеп тұрып пилоттық мектептерге нашар оқитын мектептерді бердік, ал бақылау мектептерін жақсы оқитын мектептерді бердік қарау үшін. Сонда қарағанда бақылау мектептерінде жаман оқитын баламен жақсы оқитын баланың айырмашылығы 60 балл болды. Бүгін қарасақ соның айырмашылығы бақылау мектептеінде 90 балл. Ал жаңа бағдарламамен оқып жатқан балалардікі керісінше. Ол пилоттыққа келгенда жақсы мен жаманның арасы 90 балл болған, бүгін бағдарламамен оқып, 4 жыл өткеннен кейін арасы те қана 60 балл. Ол көрсететіні жаңа бағдарлама білім беру сапасын ғана көтермей, осы балалардың ішіндегі үлгерімінде бір келкі қылып істейді деген мәселе.

Н. Д. – Осы жерде бір нәрсе қосып кетсем.

А. А. – Енді тағы да бір ойымда жалғастырамын деп ойлағанмын. Бізде тағы бір мәселе бар біздің қоғамымызда талқыланып жүрген. Ол Назарбаев зияткерлік мектептің бағдарламаларын біз барлық қарапайым мектептерге көшіретін ойымыз бар. Оны барлық жерде айтады, газетты ашсаң, телевизорды коссаң. Біз түсіндіру әңгімелерін жүргіземіз. Тағы да бір айтқым келеді бұл Назарбаев зияткерлік мектептердің бағдарламасын алып, сол бетінде біздің бұқара, жалпы білім беретін мектептерге көшіріп жатқан жоқ. Бұл адаптациядан өткен, барлық мектептерге тиімді бағдарламалар ғана,  мектептерге кіргізіліп жатыр.

О. Б. – Нұрмұхаммед мырза, не қосайын деп едіңіз сіз?

Н. Д. – 10-11 сыныпқа келген кезде Еуропа елдеріндегі оқушылар Англияда 6 пән оқиды. Біздің мекендерде ол пәннің саны көбірек. Осы мәселені тағы да бір зерттеп қарап, қайта қарау керек па деп ойлаймын. Бұл мәселе неге маңызды десеңіз өзіңіз де мектеп оқып бітірген болатынсыз. Сіз журналистика саласына бардыңыз, бірақ сіз физика, химияны міндетті түрде оқып келдіңіз. Меніңше, егер де сіз өзіңіздің болашақ мамандығыңызға қатысты пәнді тереңдеп оқығанда мүмкін ол сізге ыңғайлы болар еді деген халықаралық тәжиребе бар.

О. Б. – Түсінікті.

А. А. – Халықаралық тәжиребе...

О. Б. – Кешірім өтінемін. Алдағы ҰБТ-ға қатысты пікіріңізді айтып кетсеңіз.

А. А. – ҰБТ-ға келмей тұрып, халықаралық тәжиребе әрине маңызды. Бірақта біз халықаралық тәжиребені тек қана соны қарап, Қазақстанға жай еңгізе беруге болмайды. Сондықтан біз министрлік ретінде, халықаралық тәжиребе деп оның артынан қуып-жүріп, елімізге көзімізді жұмып еңгізіп жатқан жоқпыз. Оны да түсіну керек. Бізге ең бірінші халықаралықпен араласу керек, халықаралыққа түсіндірме жұмысын жүргізу керек. Біздің еліміздегі, өзіміздің менталитетімізге сай, өзімізде орын алған, Совет үкіметінен келе жатқан жүйені бұзып алмай, жаңалықтарды еңгізу деген – ең басты мәселе. Жаңалықтарды еңгізе отырып, бізде мынау баяғы уақыттан сақталып келе жатқан ескі жүйенің жақсы жақтары бар. Сол жақсы жақтарын сақтап қалып, жаңалықты еңгізу деген осы ең басты мәселе бүгін болып тұр. Енді Ұлттық Бірыңғай тестілеуге келетін болсақ 20 маусымнан бастап, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу өткізілетін болады. Жалпы биылға жылы ешқандай жаңалық жоқ. Формат алдыңғы жылы қандай болды, сол түрінде қалып жатыр. Сұрақтардың саны сол түрінде. Шекті балл 50, 60, 65 деген өзгеріссіз қалып жатыр. Жалпы биылғы жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеу 15 рет өткізіліп жатыр. 15 жылдың ішінде менің ойымша жалпы біздің халық, біздің балалар, біздің мұғалімдер, жалпы біздің білім саласы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге үйренді деп айта аламыз. 1 миллион 600 мың адам осы Ұлттық Бірыңғай тестілеу процедурасынан өтіпті екен осы күнге дейін. Биылғы жылы да 102 мың біздің түлектеріміз Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысайын деп отыр. Барлығына біз сәттілік тілейміз. Жалпы біздің Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындығымыз орынша, биылға жылы барлық мобилді телефонның сигналдары *** болсын, басқа да *** сатып алып, видео-трансляция дейміз тікелей эфирде, соның барлығын сатып алып жалпы, дайындық жұмыстарын өткіздік. Біздің түлектеріміз биылғы жылы реалды режимда бірнеше рет барып, Ұлттық Бірыңғай тестілеу өткізетін пунктқа барып, өздерінің бақтарын сынап көрді алдын-ала. Сондықтан ешқандай проблема жоқ биылғы жыл қатысып өтеді деп ойлаймыз. Тағы да бір жаңалық, оны айтпауға болмайды. Бұл Алтын белгі мәселесі бойынша. Бірнеше жылдар бойы Алтын белгінің иегерлері басымдық құқыққа ие болатын. Алтын белгі алып тұрып 60 балл алсаңда грантты жеңіп аласың. 120 балл алып тұрған бала бар мысалы 60 балл алған Алтын белгі иегері грантты жеңіп алатын. Биылғы жылы басымдылық өзгертілді. Алтын белгі иегерлері тек қана ұпайлары бірдей болған кезде жүзеге асатын болады. Осы мәселені ескерген жөн деп санаймын.

О. Б. – Түсінікті. Енді құрметті Асхат Қанатұлы, Нұрмұхаммед Маратұлы бізге берілген уақытта таяп қалды. Сондықтан студиямызға қонақ болғандыққа алғыс айтамыз және де алдағы бейсенбіде басталатын Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысатын түлектерге сәттілік тілейміз. Құрметті көрермен, Анығын айтқанда бағдарламасы кезекті санын осымен аяқтайды. Сіздермен бірге болған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және Білім саласы сарапшысы, Болашақ бағдарламасы бойынша Кембридж университетінің түлегі Нұрмұхаммед Досыбаев. Эфирді жүргізген Олжас Беркінбаев.     


Тегтер: анығын, айтқанда, асхат, аймағамбетов, олжас, беркінбаев, нұрмұхамед, досыбаев

Пікір қалдыру