Қазақстанда 23 сәуір Балалар мерекесі тойланды

25 Сәуір, 2019 42 0

Өкілетті елші креслосына отырған балалар елшіге рақмет айтып,  игі тілектерін жеткізді.

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі тойланды.

Түркия өкілетті елшілігі мен Астана Юнус Эмре Институты ынтымақтастығымен елшілік ғимаратында болған шараға Түркияның өкілетті және төтенше елшісі Невзат Уянык, елшілік қызметкерлері және ЮЭИ өкілдері, сонымен бірге "SOS" Балалар үйі мен "Нұрлы Жүрек" балалар орталығының жеткіншектері қатысты.

Өкілетті елші Уянык балаларға Ататүрік сыйлаған мерекенің маңызын түсіндіріп, өзінің қызмет креслосын ЮЭИ-ның Түрік халық билері ансамбліндегі Лаура Алдабергенова және "Нұрлы Жүрек" орталығының оқушылары Әділет Жақсылық пен Нәби Темешовқа берді.

Өкілетті елші креслосына отырған балалар елшіге рақмет айтып,  игі тілектерін жеткізді.

Іс-шара барысында Балалар үйінің ұстазы Үміт Магаудинова балаларға деген ықыласына орай елшіге марапат ұсынды.

Мерекелік шарада балалар би билеп,  өлең оқыды.  Айырықша балаларға түріктің дәстүрлі көлеңке театры сахналанды.

Шара шеңберінде сонымен бірге балалардың «Түркия-Қазақстан бауырластығы» атты көрмесі ашылды.

Тегтер: балалар, қазақстан, түркия, 111, қызметі, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.