Әйелін қызғанып: Ер кісі 6 адамды атып тастаған

02 Тамыз, 2019 213 0

Ер адам әйелін қызғанып 6 адамды атып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап. 

Хорватияның астанасы Загреб қаласында оқ тиіп қайтыс болған 6 адамның денесі табылды. Кайзерица ауданында болған оқиға туралы жергілікті полиция қызметкерлері хабардар еткен. 

Алдын ала деректер бойынша, ер адам қылмыс жасап қашып кекен. Оны мұндай қылмысқа итермелеген бұрынғы әйелінің басқа ер адаммен көңіл қосуы. Әйелін қызғанған ол отбасындағы төрт баласын, бұрынғы келіншегі мен оның сүйктісін өлтіріп тастаған.

Қазіргі таңда жеті айлық бала ғана аман қалған. Нәресте әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Загреб көшелерінде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ресми емес мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың төртеуі – бала. 


Тегтер: әйел, қылмыс, оқ, жарақат, аурухана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.