Қазақстанның Стамбулдағы ресми сауда-экономикалық миссиясы

02 Тамыз, 2019 116 0

Түркия мен Қазақстанның арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2019 жылдың 30 шілдесінен 1 тамызына дейін Стамбулда жыл сайынғы ресми сауда-экономикалық миссия (СЭМ) өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қазақстандық және түріктік кәсіпкерлердің арасында сауда қарым-қатынастарын дамыту, екі елдің арасында мықты іскерлік байланысты орнату. СЭМ қазақстандық кәсіпкерлерге өзі өндіріп шығарған тауарларды көрсетуге, сонымен қатар түріктік тараппен тікелей байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттердің арасындағы сауда айналымы 2018 жылы 1,9 млрд. долларды құрады, оның ішінен экспорт – $1, 242 млрд., ал импорт – $655 млн. 2019 жылдың қаңтар мен сәуір айларының ішінде бұл сан $944 млн. жетті. Қазақстаннан Түркияға экспорт $714 млн., ал импорт – $230 млн. құрады.

- Өзара сауда-саттық көлемі жақын арада $1,3 млрд. жетеді деп сенеміз және жылдың соңына қарай ол өткен жылмен салыстырғанда ұлғая түседі деп үміт артамыз. Орташа мерзімдік көріністе біз осы сан $5 млрд. ұлғаяды деп күтудеміз, ал ұзақ мерзімді көріністе $10 млрд. дейін артады деп үміттенеміз, – деп Түрік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы хабар етті.

Екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарының тарихы қарқынды дамумен және өзара мүдделікпен сипатталады. 2017 жылдың 28 қарашасында «Атамекен» ҚҰЭП және Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің  (DEIK) қатысуымен Қазақстан-Түркия іскерлік кеңесі, 2009 жылы – Түркі тілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылды, ал 2014 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП мен ТОББ түрік палаталарының одақтастығы арасында меморандум жасалды. 2015 жылы Қазақстан-түрік іскерлік кеңесі жаңа форматта қайта құрылды, оның ерекше миссиясы – Қазақстан мен Түркия арасында стратегиялық ынтымақтастықты дамыту. Кеңестің жұмыс тиімділігін статистика жақсы көрсетеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Түркия Қазақстанға $3 млрд. инвестициялады. 2005 – 2018 жж. Аралығында Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы кірісі $2,9 млрд. болды, бұл Қазақстанға ТШИ жалпы ағымының 1%  құрайды (аталған мерзімнің ішінде инвестициялардың жалпы көлемі бойынша 16 орын).

Түріктік капитал жұмсалымы  Қазақстанның түрлі экономика салаларында бар: құрылыс, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, тағамдық өнеркәсіп, индустриалды жобалар.

ҚР-ғы әр оныншы шетелдік кәсіпорын түріктік болып табылады. Бүгінде түріктік инвесторлардың қатысуымен сомасы $5,3 млрд. 79 жоба іске асырылуда, олардың:

●       34-і $1550 млн. сомаға іске асырылды;

●       9 жоба $2258 млн. сомаға іске асырылуда;

●       келешегі бар 36 жоба $1499,7 млн. сомасына іске асырылуда.

Мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы әлі де жалғасуда – 2019 жылдың 17 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Түріктік сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы Жарғыға қол қойылды. Қазақстанның бизнес қоғамдастықтарының өкілдері инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында екіжақты ынтмақтастықтың дамуына жақсы алғышарттар бар екендігін атап өтуде.

«Біз мемлекеттердің қолдағы бар экспорттық әлеуетін максималды пайдалана отырып, осы оңтайлы беталысты сақтауымыз қажет,– деп ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы М.Пшембаев атап өтті. –  Осы бағытта ынтымақтастықты дамыту үшін шарттар жасалды».

Бүгінгі күнде Қазақстан Түркияға ауыл шаруашылығы, ет өнеркәсібі, металл және металл бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, машина мен жабдықтар, дәрілік заттар, азық-түлік және т.б. салалардан 47 келешегі бар тауарлық позициялар бойынша жеткізілімдерді іске асыруға дайын. Барлығы сауда-экономикалық миссияға екі елдің ірі және орта компанияларының 250 өкілдері қатысты. В2В форматындағы кездесулерде ауыл шаруашылық және ет өнімдерін жеткізу бойынша келісімдермен жұмыс жасау басталды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстандағы Түрік Республикасының елшілігі, Түркияның сауда палаталары мен сауда биржаларының одағы (TOBB), Ынтымақтастық және координация бойынша түріктік агенттік (TIKA), сонымен қатар Түркияның сыртқы экономикалық байланыстары бойынша кеңесі (DEIK).









Тегтер: Қазақстан, Стамбул, сауда, кәсіпкерлік, іскерлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.