"Шөп жеп кеткен күндеріміз болды": Сирияда болған қарағандылық әйел

26 Шілде, 2019 832 0

Әйелдер күйеулері қақтығыс алаңында қайтыс болғаннан кейін айтуға ауыз бармайтын қиындықтарға тап болғандарын баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жат ағымның жетегінде кеткен қазақстандық әйелдер Сирияда бала-шағасымен арпа, шөп жеп әрең аман қалған. Туған жерлеріне жету үшін төрт тәулік бойы жаяу жүріп келіпті. «Жусан» операциясымен елге оралғандардың ішінде қарағандылықтар да бар. 

«Жолға шыққанымызда маған Сирияға кетіп бара жатқанымызды айтты. Сол сәтте шок жағдайында тұрдым. «Қалай Сирияға? Әйелдер ол жақта не істейді? Ол жақта соғыс болып жатыр емес пе?» дедім. Ал ол күйеуі айтқанды әйелінің орындауы керектігін айтты. Жыладық, шу шығардық. Мұның барлығы жолда болды», - дейді қарағандылық әйел. 

Сондай-ақ, ол Сирияда жүріп өздерінен бұрын балалардың қиналғанын айтады. Себебі, ас жоқ болғандықтан, көшеден тапқандарын жеуге мәжбүр болған екен. 

«Кенжеме 40 күн толған еді. Ол шетінеп кетті. Кейін әрі-бері көшіп жүрдік. Бірақ соңғы жарты жылда далада тұрдық. Ол жақта тамақ болмады, жуынды ішіп, шөп жедік. Аштан өлмеу үшін адам кез келген нәрсені жей береді екен. Мұндай асты балалардың асқазанының көтермегені рас. Мұны адамдар жемейді ғой», - дейді ол. 

Бұдан өзге ол Сирияда соңғы уақытта кімнің кім екеніне қарамай бәрін бомбалап жатқанын айтып налыды. Тіпті, кішкене бүлдіршіндерге дейін аямаған екен. 


Тегтер: Сирия, Қазақстан, әйел, отбасы, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.