Анығын айтқанда. Шың еліндегі Шанхай саммиті

06 Маусым, 2018 141 0

«Хабар24» арнасында Олжас Беркінбаев жүргізетін  «Анығын айтқанда» бағдарламасының текст нұсқасы. Естеріңізге сала кететін жайт, аталған бағдарлама әр аптаның сәрсенбі күні кешкі сағат 19:25-19:45 аралығында 20 минут бойы тікелей эфирде көрсетіледі. 

Кеш жарық құрметті телекөрермен! Эфирде «Анығын айтқанда» бағдарламасы. 14 мемлекетпен шектесетін Қытай еліміз үшін ежелден маңызды әлі стратегиялық басымдыққа ие көршіміздің бірі. Осы орайда айта кететін жай Аспан Асты елмен тек Қазақстан ғана шекаралық мәселесін дауысын шешкен. Бұл жерде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дипломатиялық шеберлігін айта кету қажет. Бүгін біздің қонақта Әділ Ахметов пен Олжас Бейсенбаев және бағдарлама жүргізуші мен, Олжас Беркінбаев.

Әділ Ахметов – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, Қазақстан Республикасының Параменті Сенатының бұрыңғы депутаты.

Олжас Бейсенбаев – шығыстанушы, жас ғалым, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, Ланьчжоу және Шыңжаң университеттерінде тағылымдамадан өткен.

О.Б: - Әділ Құрманжанұлы, Қытай мемлекетінің басшысы Си Цзиньпиннің шақыруменен 6 маусым аралығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Пекинге ресми сапармен бармақ. Осы сапардың мақсаты не? Қандай келісу сөздер жүргізілмек? Нақты жауап берсеңіз.

Ә.А: - Әрине, Қытай еліне жасалған әр сапардың маңызы өте үлкен. Бұл жолы ол мемлекеттік деңгейдегі сапар болып тұр. Бұдан бұрын да біздің Елбасымыз Қытай елінде жиі болған. Әр барған сайын келелі-келелі мәселелерді шешіп қайтқан. Бұл жолғы сапарда соған келеді. Жалпы біздің экономикалық сауда қарым-қатынастарымыз жыл сайын көтеріліп келе жатыр ғой Қытайменен. Сондықтан Қытай жағынан инвестиция тарту мәселесі ол әр уақытта бірінші орында тұрады өйткені Қытайдың территориясыда үлкен, экономикасы да ірі. Қазақстанмен салыстырғанда ол жүз есе үлкен деп айтсақ ол ешқандай артық айтқандық емес. Тіпті әлемдегі Американың өзіде бас қосуға дайын тұрған ел. Мысалы ішкі өнім тұтыну жағынан келетін болсақ ол оданда асып кетеді деп айтуға болады. Космосқа шығып кеткен, технологияны игерген, халқы сауатты, шетелде көп азаматтарды оқытып алған, білімді, білікті ел ғой. Сондықтан қай тұрғыда болмасақ та Президенттің бұл сапары өзінің жемісін береді деген ойдамын.

О.Б: - Түсінікті. Енді интернет кеңестікті ақтарып отырсақ осы Қытай сапары барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы өтеді деген дерекке кездесіп қалдық. Сіз кәсіби дипломат ретінде халықаралық ұйымының жұмысын қысқа-нұсқа қалай жеткізер едіңіз?

Ә.А: - Шанхайдың ынтымақтастық ұйымы қазір үлкен ұйымға айналды. Өткен жылы мысалы оған Индия мен Пакистан енді ғой. Орта Азияның бірнеше мемлекеті, Ресей бар оның ішінде. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлемдегі ірі халықаралық ұйымдардың бірі. Оның үстіне жер шарының 7 миллиард халқының 4 миллиарды осы жерде тұрады. Экономика тұрғыдан алсаңызда, саяси тұрғыдан алсаңызда, сауда-саттық тұрғыдан алсаңызда, тіпті ықпалдастық жағынан алсаңызда бұл ұйымның әлемде алатын орны өте мәнді де мағыналы, содан кейін ауқымды. Осылай деп аутуға болады.

О.Б: - Олжас мырза, ендігі сауал өзіңізге. Қытай туралы мақалалар сериясының түрлі мерзімді басылымдарға жазып жүрсіңіз. Оны оқып та жүрміз. Өзіңіз білесіңіз қоғамда ксенофобиялық көзқарастар кездесіп жатады. Жалпы біздің шығыстағы көршімізбен болашағымыз қалай болмақ? Осыған пікіріңізді білсек. Содан кейін жаңа айтып өткен Шанхай ынтымақтастық форумы биыл Қытайдың Циндао қаласында өтеді екен. Неге дәл осы қала таңдалып отыр?

О.Б: - Биылғы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 18 саммит орыны ерекше: қытайдың төрағалығымен өтеді, Си Цзиньпиннің төрағалығымен өтеді және де ол сегіз мүше мемлекеттің қатысуы және төрт бақылаушы мемлекет. Осылардың қатысуымен және Циндао декларациясы қабылданады. Не үшін Циндао қаласы деген кезде бұл Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясындағы ірі Циндао қаласы, кезінде Германияның отары болған, қазіргі кезде үлкен даму көрсеткішін көрсетіп келе жатқан қала. Бұл қаланы не үшін таңдап отыр? Жалпы Қытай өзі кез келген өткізу орыны тең таңылымы ол форум Хайняньда өтті, қазіргі Циндаода өтіп жатқан себебі – ол Қытайдың қырық жылдық реформа және ашықтық саясатының жемісі жетістік ретінде көрсетіліп келіп отыр. Циндао қаласының сыртқы сауда айналымы ей дәуір бөлігі осы Шанхай ынтымақтастық ұйымына тиеді екен. Яғни ол отыз тоғыз миллиард долларға жеткен деген көрсеткіштері бар. Сондықтан осы жерде өткізудің өзінде символикалық маңызы бар деп ойлаймын. Ал енді жалпы Қытай туралы айтқан кезде айтып отырмыз: соңғы жылдары реформа және ашықтық саясатының жетістігі үлкен расындада. Қытайда әлемдегі екінші үлкен экономика дейміз. Валюта қоры ең үлкен мемлекеттерінің бірі. Әскери күш-қуаты 175 миллиард долларға дейін жеткен әскери бюджеты. Осы көрсеткіштердің барлығы әрине және мемлекеттің қызығушылығын және алаңдаушылығын тудырады. Қытай Дин Сяопин кезінде өз мүмкіндіктерін жасыру принциптерін ұстанғанын білеміз бірақ қазіргі кезде Қытайдың сыртқы саясаты трансформацияланып келіп Қытай өзінің сыртқы амбицияларында батыл көрсете бастады. «Бір белдеу, бір жол» инициативасын білесіздер. Қазіргі кезде 80-ге жуық мемлекет қосылды. «Жібек жолы» қоры құрылды, инфрақұрылымдық банк ашылды, 600 миллиард доллар қаражат құйылды. Осы көрсеткіштердің барлығы әрине үлкен алаңдаушылық тудырады бірақта мен Қытайды үлкен қауіп емес, мүмкіншілік ретінде қарастырамын Қытаймен байланысты. Біз Қытайдың ықпалынан қорқу немесе оның жетістігіне қол шапалақтап тамсанып қарағанда оны біз тиімді пайдалануымыз қажет деп ойлаймын: ғылыми инновация бағытында, «Жасыл экономика» бағытында қатынасымызды. Ол болып келе жатыр өйткені біз «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламамызды тиімді байланыстырып отырмыз, өзіміздің мемлекеттік, географиялық орналасуына байланысты транзиттік мүмкіндігімізді орынды пайдаланып жатырмыз деп ойлаймын.

О.Б:  - Тамаша. Енді осындай бір сұрақ, қағазға жазып отырып сұрайтын сауал екен. Кейбір деректерге сүйенсек Қытай елінде Қазақстан зерттейтін ғылыми институттар саны баршылық екен. Осы институттар жалпы саны неше? Және бізде синология ғылымымен айналысатын іргелі институттар бар ма? Бар болса атын атап, түсінік берсеңіз.

О.Б: - Енді Қытайда тек қана Қазақстан емес, Орталық Азия, жалпы әлемнің әл бөлігін зерттейтін орталықтар өте көп. Біздің осындағы Әлемдік саясатының институтының басшылығының бір кездесуінде естіп қалдым. Олар соңғы жылдағы кездесу 54 институтымен өткізген екен. Қытайдың тек қана 54 институты. Ол кем дегенде. Қазіргі кезде «Бір белдеу, бір жол» инициативасынан кейін оның саны көбейгенде – ол заңды құбылыс. Жалпы Қытайдағы ғылыми зерттеу орталықтарын үшке бөліп қарастыруға болады. Ол, ең алдымен, мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кеңес, Қытайлық коммунистік партиясы жанындағы зерттеу орталықтары. Одан кейін ол арнайы ғылыми институттар. Мысалы, Қытайдың қоғамдық ғылыми институты қазір Қазақстанмен үлкен байланыс орнатып жатыр. Үшінші, ол университет жанындағы ғылыми зерттеу орталықтары. Ал енді Қазақстанда, әрине, ғылыми зерттеу орталықтары өте аз, штаты өте кемшіл және қаражаттың бөлінуі өте аз деп айта аламыз. Алматыдағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы қазіргі Қытай зерттеу орталығы бар, жетекшісі Әлімжан Мұхамедханұлы, «Фінси» деген зерттеу бюросы бар Алматыда, одан кейін қазіргі кезде ең белсенді жұмыс істеп жатқан осы Әлемдік саясат экономика жанындағы Қытай зерттеу орталығы деп айтар едім. Мінекей осылар.

О.Б:  - Әділ Құрманжанұлы, елшілік қызмет атқардыңыз, сыртқы саясатының қырсығын жақсы білесіңіз, біздің Сыртқы Істер министрлігінде қызмет жасадыңыз. Соның ішінде енді біздің министрлік ресми мәлімдеген Шынжандағы этникалық қазақтарға байланысты сіздің пікіріңізді білсек дейміз.

Ә.А: - Бұл жөнінде нақты айту керек. Сыртқы Істер министрлігі араласқан жақсы болды өйткені кейінгі кезде ақпарат құралдарынан біз жиі оқимыз. Біздің этникалық қазақтарға кей кезде қысым көрсетіліп жатыр. Барғаннан кейін заңды бұзды немесе виза режимін бұзды деген желеуменен түрмеге отырғызып қою заң мерзімге алты айға, бір жылға, үш жылға кетіп бара жатқандар бар. Осы тұрғыдан біздің министрлік үлкен жұмыс жасап, қазір көптеген азаматтарды босатып алып жатыр. Ал енді осының арты немен байланысты деген сұрақ туындайды. Неге олай? Бұрын олай емес еді ғой. Оның әр түрлі себептері болуы мүмкін. Бір себебі біздерге келетін Қытай азаматтарының саны бұрынғымен салыстырғанда өте көп. Тіпті Қазақстанда тұрып жатқан қытай азаматтары, қытай компанияларында істейтін азаматтардың саны өте көп. Сондықтан визаға байланысты шектеу болуы заңды. Міне осы шектеуді алып тастау үшін кейде қимыл іс-әрекеттерге баруы мүмкін. Меніңше, ең басты себебі осы болуы керек. Ал енді әр елдің өзінің заңдары басқа, иттері қара қасқа дейді. Сол үшін біз өзіміздің қауіпсіздігімізді бірінші орынға қоймасақ, кез келген келе беретін болса, одан кейін шықпай осы жақта қалып қоятын болса, одан кейін қазақтың қыздарына үйленіп қалатын болса, осы елдін азаматтығын алып қалатын болса оның арты қалай болады? Арты өте кері болуы мүмкін, кері нәтиже беруі мүмкін, біздің қауіпсіздігімізге қатер туындыру мүмкін. Сондықтан осы мәселемізді біз ойлап қоюымыз керек. Бауырым айтып отырғандай біздегі Қытайды зерттейтін арнайы зерттеу институттары өте аз. Мысалы үшін мен білемін Еуразия университетіндеде Қытай тілі кафедрасы бар, Мәсімхан Дүкен деген кісі бар. Ол да өзінің деңгейіндегі зерттеулер жүргізіп жүреді, Қытайды өте жақсы біледі. Сондықтан біз осы жерден ақша аямауымыз керек. Ресейде бізді зерттейді, Америкада бізді зерттеп отыр. Неге біз оларды зерттемейміз? Жаңағы азамат айтып отырғандай осындай орталықтарға қаржыны дұрыстап бөліп...Жастар өсіп келе жатыр ғой – бір азамат осында отыр. Осындай азаматтарға тапсырыс болатын болса, зерттеу жұмыстарын тереңдететін болса... Киссенджерден үйрену керек деп айтар едім осы жерде. Президент Никсонның кезінде, Никсон айтқан екен, Киссенджер ол кезде Қауіпсіздік мәселелер жөніндегі, халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған, кеңесшісі болған «Осы біз Қытайды білеміз ба? Экономикалықө сауда-саттық жүріп жатыр, жарайды, одан артық не білеміз? Неге Аспан асты ел деп аталады? Біз осы арғы жағында сауда-саттықтан басқа не білеміз осы ел туралы?» дегенде «Сен осыны байқа, осыны зертте» деген. 40 жылда 50 рет барған Киссенждер Қытайға. Сөйтіп Қытайды ішінен танып бастаған. Мао Цзэдуннан бастап, Сыртқы Істер министрлігінде қызмет жасап жатқан тұлғалармен танысып, жиі-жиі барып, Қытайды ішінен бастап зерттеген. Мен ол туралы мақала жаздым, «Егеменде» басылған. «Генри Киссенджер таразылған Қытай» деген материал бар. Бірақ мен айтар едім, қазір 100 кітап аударылып жатыр ғой. Меніңше, осы Киссенджердің кітаптарын аудару керек. Мысалы: «Америкаға сыртқы саясат қажет па?» немесе әлемдік тәртіп туралы кітап бар немесе «Дипломатия» деген кітабы бар...

О.Б: - Аға, қоса кетсек. Киссенджердің еңбектері өте маңызды. Сіз айтқан Генри Киссенджердің Қытайға сапары туралы оқыдық. Киссенджер Қытайдың қай аспектісін зерттеді? Экономикалық тұрғыдан ба немесе әлеуметтік мәселеге көңіл бөлді ме?

Ә.А: - Барлығына көңіл бөлді. Мысалу үшін, Қытайда бір әпсана сияқты нақыл сөз бар екен: «Қасындағы жауыңмен алыстағы жауыңның қолымен күрес» деген. Әдемі айтылған ма?

О.Б: - Әдемі.

Ә.А: - Әдемі айтылған. Немесе «Қасыңнан жау шықса, жік шықса екі құлағы тік шықса онда не істеу керек? Онда алдымен оның ауызын ал» дейді. Ауызын ал деген ауызын ойып ал емес, дәмді тағам ***. Содан құлағын ал дейді. Құлағын кесіп ал деп жатқан жоқ. Жағымды ән, басқасын еңгізіп, санасын өзгертуге тырыс дейді. Содан кейін құлқын ал дейді. Құлқын алу үшін қымбат-қымбат сыйлық жаса дейді. Ең соңғысы, тіпті содан әрі қарай терегелеп баратын болсаң, Императордың қолымен шарап құйып бер дейді. Ал енді үлкен банкеттерде Император деңгейіндегі адам шарап құйып беретін болса, алдындағы әдістердің барлығынан өткен адам өзі жайылып түсе қалады екен. Мынау қандай ел? Императоры өзі келіп шарап беріп отыр ғой деп. Сондықтан саясаты өте нәзік, бірақ бірден білдірмейтін, мыңжылдығын бұрын ойлайтын. Сондай саясат. 

О.Б: - Бір ауыз қоса кетсем бола ма?

О.Б: - Иә, Олжас мырза. Не қосасыңыз?

О.Б: - Дәл осы еңбектен Киссенджердің қытайдың «Сянци» деген шахматқа ұқсас ойыны туралы айтылады. Яғни бұл жерде шахматтан бір айырмашылығы бұл ойында Қытайдың ұзақ мерзімдік стратегияны көздейтін мақсатты көрсетеді. Яғни бұл ойында сіз жүру арқылы қарсыластың фигураларын жан-жақтан қоршап тастайды, жүріс бермейді. Сондықтан бұл Қытайдың ұзақ мерзімдік стратегиясымен байланысты.

О.Б: - Түсінікті. Олжас мырза, келесі сауал өзіңізге. Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Жастар ынтымақтастық қай деңгейде? Біздің қоғамдық бірлестіктермен Жастар ұйымдары осы ықпалдастықта қаншалық белсенді?

О.Б: - Бұл тақырыпта жақында ғана бір мақала қозғап жазған болатынбыз. Қытайдың жалпы 2007 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғаннан кейін Жастар кеңесі құрылды. Яғни бұл халықтық дипломатия деген маңызды нәрсе. Жастар кеңесі, сонымен қатар іскерлік кеңес жұмыс істеді. Қазақстанда Нұр-Отан партиясында Жастар қанаты, Жастар альянс және басқада ұйымдар. Осы ынтымақтастық аясында байланыс отырып келеді. Жақында ғана форум өтті партияаралық. Сол кезде Нұр-Отанның хатшысы жақсы бір ұсыныс айтты. Яғни жастардың дәл осындай баламалы форумын өткізуіміз керек деп. Осы жерде Әділ ағамыз жақсы айтып өтті. Жастар жиналған кезде Қытайдың тарихымен, мәдениетімен танысып, оның тамағын ішіп, қуанып қайтпай, бұл жерде мәселе – ғылыми инновациялық ынтымақтастыққа нақты ғылым саласына басымдық беру керек деп ойлаймын. Және осы жерде айта кетейін біздің Қытайда 15 мың студенттеріміз оқиды. Соңғы кездегі өзекті мәселелердің аясында Қытайдағы қазақ студенттерінде біз заңнамалық тұрғыда, Қытайда жүріс-тұрыс, Қытайда қалай жүрі керек, одан кейін олардың Қазақстанға келіп қайтадан еңбек ету жағынан, Қазақстанмен рухани-мәдени байланыс жағынан жеке көңіл беруіміз керек деп ойлаймын.

О.Б: - Тамаша. Енді бізге келген уақытта таяп қалды. Сіздерге соңғы сауал. Жалпы синолог боламын деген, Қытайды танимын деген әрбір жас қандай еңбекті оқу керек және әлемдегі ең қиын тілін, қытай тілін, қалай тез меңгеруіне болады?

Ә.А: - Жаңа ғана айтып кеттік. Қытайды зерттеген мықты ғалымдардың атын атадық қой. Збигнев Бжезинскийнің кітаптарын қарау керек. «Шахмат тақтасы» деген кітабы бар. Әлемдік тәптіпке байланысты, әлемдік дипломатияға байланысты, дипломатиялық қарым-қатынастарға байланысты Киссенджердің кітаптары бар. Синолог боламын деген ғалымдар осы кітаптардың барлығын оқу керек өйткені Киссенджерде, Бжезинскийде әлемдік тәртіптің өзгеріп келе жатқан өзегінің шығысқа ауысып бастағаның, Американы қуып келе жатқан Қытай екенін асыға айтады. Қытай Екінші дүниежүзілік соғыста өте мықты еді, қазір ондай қауһарынан айырылып қалды дейді. Сондай-сондайлардың барлығын оқу керек, тікелей түп нұсқадан аудару керек. Бізде, Құдайға шүкір, Қазақ ұлттық аударма орталығы бар. Осындай мәселелерге көңілді қатты бөлу керек. Содан кейін тағы да бір мәселені айтайын деп отырмын «Бір белдеу, бір жолға» байланысты. Бұл Қазақстанға берер пайдасы өте үлкен. 80 жуық араласып отыр дедің ғой? Қазір ол жобаның береі көп болады егер әрі-бері жүріп тұратын, әсіресе темір жолымен тасылатын жүктердің көп кешіктірілмей, демде жүріп өтуі цифрлік технологиямен байланысты. Ол жағынан басқа елдердің артында тұрмыз. Сондықтан қазір біздің Президент осы мәселеге қатты көңіл бөліп жатыр. Егер цифрлі технологияны еңгізетін болсақ, екі елдің арасындағы, Еуропаға қарайтын поездтары біздің елден өткенде уақыты шектеулі ғана болуы керек. Сонда одан түсетін пайда шаш еткен болады. Осыны ескеруіміз керек.

О.Б: - Олжас мырза, енді тілге қатысты қысқа-нұсқа ойыңызды жеткізе етсеңіз.     

О.Б: - Біріншіден, Отандық ғалымдардың еңбегіне көңіл аудару керек деп ойлаймын. Қытайтанушы, Әлімжан Мұхамедханұлы, Тұрысынхан Зекенұлы, Дүкен Мәсімханұлы, Нұржамал Алдабек, басқада дипломат ағаларымыздың еңбектеріне назар аудару керек деп ойлаймын. Қазақстанда қытай тілін оқуға барлық жағдай жасалған. Қазақстанда төрт Конфуций институты жұмыс істейді, тілді тегін оқытады, барлық материалдармен қамтылған. Сондықтан бізде аса проблема жоқ деп ойлаймын.

О.Б: - Жақсы. Құрметті көрермен. «Анығын айтқанда» бағдарламасы өзінің алғашқы шығарылымын осымен аяқтайды. Сіздермен бірге болған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, елші-дипломат, Қазақстан Республикасына еңбегі сінген академик Әділ Ахметов және шығыстанушы Олжас Бейсембаев. Эфирді жүргізген Олжас Беркінбаев. Сәрсенбінің сәтті күнінде, жақсылықта жүздескенше.


Дереккөз: http://24.kz/kz/telepoject/anygyn-aitkanda/item/245243-any-yn-ajt-anda-shy-elindegi-shankhaj-sammiti




Тегтер: анығын, айтқанда, анығынайтқанда, олжас, беркінбаев, хабар, хабар24, шың, шанхай, қытай

Пікір қалдыру