Маңызды жеті минут!

20 Шілде, 2019 133 0

(суға батқан адамдарға алғашқы көмек көрсету ережелері туралы ақтаулық құтқарушылар айтып берді)

Суға шомылу маусымы ашылғанға дейін ақтаулық құтқарушылар жағажайларды бақылауға алды. Олар теңізді вахталық негізде бақылауға алып, үнемі жаттығулар өткізеді. Мұнан бөлек, халық арасында түсіндіру жұмыстары менен алдын алу шараларын ұйымдастырады деп хабарлайды Tumba.kz.

Айта кету керек, суға батушыны құтқару – қиын және өте қауіпті міндет. Бұл құтқарушылардың еңбегі, оған физикалық және моральдық тұғыдан дайын болуы керек. Суға батқан адамды құрлыққа жеткізіп қана қоймай, оған алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болып табылады. Мұндай іске жылдар бойы дайындалады.

Жаттығуды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өздері немесе Ұлттық гвардия әскерилері рөлін сомдайтын "суға кеткен адамды" құтқарудан бастайды.

"Суға батып бара жатқан адам" құтқарушылар көмекке келгенге дейін суда ерсілі-қарсылы қозғалып, әлектенеді.

Біржан Келдібаев, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) бас құтқарушысы:

Ең бастысы – дүрбелеңге салынбау керек. Әдетте, суға батушыны шаштан тартып құтқарамыз. егер шашы болмаса – суға батушыны оң қолды иығынан ұстап, жағаға сүйреу керек. Бұл ретте тіркеп сүйреу кезінде зардап шеккен адамның бетін су бетінен ұстап тұру қажет екенін есте сақтау керек. Егер адам жүзе алса, оған шеңбер лақтырыңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде, әсіресе қалыпты жүзе алмасаң, суға лақтырудың қажеті жоқ екенін атап өткім келеді. Құтқарушылардың да суға батқан қайғылы оқиғалар барын өкінішпен еске аламыз. Дауыстап айқайлап, көмекке шақыру жақсы - мүмкін, жақын маңда жақсы жүзгіштер жолығып қалар.

Біржан Келдібаевтың өзі , өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, көмек сұраған ондаған адамды судан шығарған. Сүңгуірдің өзі бес адамды құтқарды. Бұлар иә көмек сұрауға қауқары жетпегендер немесе сұрамаған адамдар.

Оның айтуынша, 7 минут ішінде әрекет ету керек, адамға осы уақыт аралығында көмек көрсету аса маңызды болып табылады.

Құтқарушылар тиімді жұмыс істеу үшін құрал-жабдықтарды жаңарту, ведомствоның жеке құрамының шеберлігін арттыру қажет деп санайды. Мамандардың пікірінше, ең бастысы, қанша күлкілі болғаныменен, теңізбен ойнауға болмайды.


Ақпарат көзі: https://tumba.kz/zhizn-regiona/11-zhizn-regiona/44648-Vazhnye_sem_minut_o_pravilah_okazanija_pervoj_pomoshhi_utopajushhim_rasskazali_aktauskie_spasateli.html

Тегтер: ақтау, құтқару, жаңалықтар, қазақстан, әлем, каспий, су

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.