Қырғызстан: Атамбаев елден кетуді жоспарлап отыр

20 Шілде, 2019 309 0

Бүгін журналистермен кездесуде бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев келесі аптада Ресейге бірнеше күнге кетуге ниетті екенін айтты, деп жазады 24.kg.

«Бұйырса келесі аптада. Менің өзге елге шыққанымды ешкім қаламайтынын сеземін. Мені шақырған адам бәрі жақсы болу үшін тырысатынын білемін.Өзіңе, Құдайға, нағыз достарға ғана сенім арту керек, бірақ барлығына дайын болу керек», - деді Алмазбек Атамбаев.

Атамбаев өзін түнде күзеткен адамдарға алғысын жеткізді. 

«Мен адамдардың түнде келгенін білемін. Тіпті митинг болды. Бұл әрекет биліктің жоспарына кедергі келтірген болу керек. Бүгінде бірнәрсе жасау - ақымақтық», - деді Алмазбек Атамбаев.

Бұрынғы президент өзі кеткенге дейін биліктің күш көрсетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Біз биліктің құқықтық шектеуден шығып кеткенін аңғарудамыз. Және Атамбаев режимін айтпас бұрын, Бакиевтің кезін еске алыңдар.Атамбаевқа дейін демократия кедей болатын. Ешқандай журналист өлтірілмеді, ешкім де терезеден секірмеді», - деді Алмазбек Атамбаев.

Ол құқық қорғау органдарына заң шеңберінде әрекет етуін сұрады.

Тегтер: қырғызстан, атамбаев, жаңалықтар, қазақстан, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.