Еуропадағы қыпшақ даласында «Астананың 20 жылдығы» фотокөрмесі өтті

01 Шілде, 2018 456 0

Мажар қыпшақтарының ұлттық тағамдарының фестивалі аясында, Астананың 20 жылдығына орай, Мажарстанның қыпшақтар мекендейтін Қарсақ қаласында «Астананың 20 жылдығы» атты фотокөрме өтті. Бұл туралы ҚР Будапешттегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz хабарлады.

Карцагта Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарын ерекше бағалаймыз. Осында мажар қыпшақтары Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанына қатты қуанады және әрқашан тілектес, сонымен қатар Қазақ елінің әсем Астанасының биыл 20 жылдық мерейтойымен шын жүрекпен құттықтаймыз, – деді Қазақ-Мажар достық Қауымдастығының жаңадан тағайындалған Төрағасы Нандор Варга.


Оның айтуынша, Карцагтағы ұйымдастырылған «Астананың 20 жылдығы» фотокөрмесі мажарларды қатты таң қалдырып, ерекше әсер еткен. Содан болар қатысушы адам қарасы көп - деді Н.Варга. 

Қазақстан Елшілігінің xабарлауынша мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады және осы уақытқа дейін бірқатар шаралар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, аталған көрме барысында Будепешттегі Қазақстан Елшілігі Қарсақ қаласының тұрғындары мен келушілерге түрлі кәдесыйлар мен еліміздің туристік әлеуетін көрсетер естелік заттарды табыстады.

Айта кететін жайт, Қазақстан Мажар елімен 1992 жылы дипломатиялық байланыс орнатқан. Бүгінде 100 мыңнан астам қыпшақтар ежелгі Паннония елін мекендеп отыр.

NewsRoom+  ақпарат

Тегтер: Венгрия, мажар, қазақ, қыпшақ, көрме, Астана

Пікір қалдыру