Қай ел туристерді жиі алдайды

18 Шілде, 2019 157 0

Демалысқа шыққанда адамдар құнды заттарының қауіпсіздіктеріне қарағанда, ерекше әсер алуға және күннен қорғайтын крем таңдауға көбірек көңіл бөледі. Бұндай сәтті қалта қаққыш алаяқтар қолдан жіберіп алсын ба, әп сәтте турситердің әмияндарының жеңілдеуіне жәрдем ете қояды. Бұл мақалада сіз келесі сұрақтардың жауабын таба аласыз: неге Египетте қайда кетіп бара жатқаныңызды басқаларға айтуға болмайды; итальяндық мейрамханаларда сіз жоспарлағаннан да артық төлем жасамау.

Үлкен қуыршақтар


Үлкен қуыршақтармен суретке түспеңіз

Оларды қай мемлекеттерде кездестіреміз: Ресей, Украинада.

Ең танымал туристік орындарда сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің көріністеріндегі тірі қуыршақтар шет елдік азаматтарды құрыққа түсіруді көздеп жүреді. «Кішкентай жануарлар», әдетте, балаларымен жүрген ата-аналарға жақындап, оларды ойнатады. Сосын ата-аналар смартфондарын алып бірнеше суретке түсіргеннен кейін олар әрбір фотосуретке ақша талап етеді. Мұндай алаяқтар адамның тез шатасып және олардың шарттарына оңай келісетіндігіне сенімді болғандықтан өздерін агрессивті түрде ұстап әрекет етеді. Егер бағасын суретке түспес бұрын айтпайтын болса, онда жай ғана кетіп қалыңыз. Арандатуларға ұшырап қалмаңыз.

Мейрамханадағы шот

Қай мемлекеттерде кездестіресіз: Италия, Греция, Чехия

Италияндықтар туристердің тіл білмеуін өз пайдаларына қолданаты: олар ауа салқындатқышты, асхана аспаптарын, майлықтарды, дастархандарды және т.б. сияқты қызметтерді де есебіңізге қосып қоюы мүмкін. Егер шот мөлшері күдік тудыратын болса, мәзірді сұрап, тексеріңіз.

Нарықтардағы трейдерлер келушілерге «арнайы бағалар» орнатқысы келеді, сондықтан танымал туристік орындардан алыс орналасқан дүкендерден өнімдерді сатып алу әлдеқайда тиімді.

Прагада да ерекше қызмет түрлерін көре аласыз: туристер үстелге отырғанда ондағы себет толы жаңа піскен нан мен хош иісті крекерлерді көреді, оларды тегін екен деп жепте алады. Дегенмен, даяшылар мұны да сол сәтте есебіңізге жазып қояды екен. Сондықтан ыңғайсыз жағдайға қалмау үшін үстелдегі арнайы тағамдардың ақылы немесе тегін екендігін анықтап алу қажет. Сондай-ақ, Прагада есебіңізге ас құралдарын қосуы мүмкін, бірақ бұл әдетте мәзірде алдын алады жазылып қойылады.

Дүкендегі чектер


Қайда кездестіруге болады: Чехия

Супермаркетте өнімді сатып алған кезде, чекте көрсетілген заттар мен қолыңыздағы тауарлардың нөмірі мен атауларын тексеріп алыңыз. Кассирлер өздерінің алдында туристер екендігін білген кезде, сіздің тіл білмеушілігіңізді пайдаланып қосымша өнім немесе қымбат қымбат заттарды қосып жібеоуі мүмкін.

Раушан


Қайда кездестіруге болады: Италия

Рим көшелерінде қолдарында раушан гүлдері бар тартымды итальяндықтардың құрығына түсіп қалмаңыз. Әдетте мұндай жігіттер оған ұнайтын қызға жақындайды да гүл беріп , құшақтауға тырысады. Жәбірленуші романтикаға мас болып жатқанда, жаңа «табынушымыз» қалтасын тексеріп бар бағалы заттарын қағып салады.
Сондай-ақ сиқырлы раушан ұстаған сығандарды да кездестіресіз. Сыған әйел жолаушыға қолна гүл ұстатады немесе оның сөмкесіне салып қояды, сосын ақша талап ете бастайды. Егер жәбірленуші гүлден бас тартса, сыған әйел жолаушыны тілдеп бастайды: ашкөз, кедей жəне т.б. Бұндай жағдайда қандай тілде сөйлейтінін түсінбегендей өтіп кетіңіз.

Достық білезіктері

Қайда кездестіресіз: Греция, Испания, Франция, Италия

Бұндай алдануға жиі әсершіл адамдар келіп түседі: алаяқтар оларды жан-жағына таңырқап,аузы ашылып келе жатқандығынан қаптаған адамдардың арасынан оңай ажыратады. Олар ештеңеде сұрамай жай ғана жәбірленушінің қолына білезік қояды, содан кейін оның ақысын төлеуді сұрайды.Бұл жағдайда сізден не қалайтынын түсінбегендей кейіп танытып, кетіп қалу керек.
Сондай-ақ, достық білезіктерді қолыңызға балалар келіп тағады. Содан кейін болмайтын ақша сұрайды. Бұлда олардың бір қулығы, сіздің әмияныңыздың қайда тұрғанын біліп алу үшін.

Билейтін мультфильм кейіпкерлері


Қайда кездестіруге болады: Италия, Польша, Румыния, Испания
Осы елдердің жаяу жүргіншілер көшелерінде магнитофонмен тұрған ер адамды кезіктіресіз, жанында музыкаға билеп тұратын қағаз мультфильм кейіпкерлерін көре аласыз. Олар мұндай кейіпкерлерді шамамен 2 евроға сатады және сатушы бұл магнит фигуралардың динамик және толқындарымен басқарылатындығын айтады. Шын мәнінде, сіз сол ақша картон сатып алып, өзіңіз қолмен де жасай аласыз.

Ұлттық киім


Қайда кездестіреміз: Ресей

Фотограф ұлттық киім киіп және бірнеше қимылдаржасауға ұсыныс жасайды. Бағасы өте төмен деп айтады, мысалы 200 рубль. Ал негізінде баға бүкіл костюм үшін емес, киімнің біреуі үшін ғана.

Сіз саяхат кезінде алдандыңыз ба?

Дереккөз: kyn.kz

Тегтер: турист, шетел, қуыршақ, сурет, демалыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.