Президент Қ.Тоқаевтың сирек кездесетін суреттері табылды

17 Шілде, 2019 351 0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың сирек кездесетін суреттері табылды. 

newsroom.kz ақпарат агенттігінің жазуынша аталмыш суреттер Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толу мерекесі қарсаңында жарық көрген арнайы еңбекте жарияланған.

«Халықаралық Өмір» баспасынан жарық көрген еңбектің алғы сөзін ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі Дай Бинго жазған. Осы орайда, newsroom.kz ақпарат агенттігі аталмыш еңбектегі Қасым-Жомарт Кемелұлының сирек кездесетін кей суреттерін кітаптың авторлық құқығын қорғай отырып, яғни түпнұсқа дереккөзге сілтеме жасай отырып, электронды түрде оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

Бұл суреттердің оқырман назарының қызығушылығын арттырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы достықтың дәнекеріндей болады деген үміт бар. Сондықтан 222 беттік құнды еңбектің оқырман үшін берері мол деп білеміз.


ҚР Премьер-министрі С.Терещенко мен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Пэн, Пекин. Халықтар жиналысы үйі. 1992 жылдың 24 ақпаны. 


 ҚР Премьер-министрі С.Терещенко мен ҚХР Төрағасы Ян Шанькун, Пекин. Халықтар жиналысы үйі. 1992 жылдың 26 ақпаны. 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминь "ҚР мен ҚХР арасындағы достық қарым-қатынастың негізі туралы декларацияға" қол қою сәтінде. Пекин. Халықтар жиналысы үйі. 1992 жылдың 26 ақпаны. 


ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев пен Мемлекеттік кеңестің вице-премьері-сыртқы істер министрі Цянь Чичень, Пекин, Чжунананьхай резиденциясы. 1995 жылдың 12 қыркүйегі.


ҚР Премьер-министрі Қ.Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжу Жунцзидың келіссөз жүргізген сәті. Нұр-Сұлтан, 2001 жылдың 12 қыркүйегі. 


ҚР Премьер-министрі Қ.Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Чжу Жунцзидың келіссөз жүргізген сәті. Пекин, Чжунананьхай резиденциясы. 2002 жылдың 10 мамыры.



ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу барысында. Пекин, Халықтар жиналысы үйі, 2008 жылдың 24 қаңтары. 


ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Қытайдың Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесу сәті. Пекин, Халықтар жиналысы үйі, 2008 жылдың 25қаңтары. 


NewsRoom ақпарат

Тегтер: қазақстан, назарбаев, тоқаев, қытай, сирек, суреттер, жаңалықтар, әлем, пекин, тарих

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.