Беліңіз неге ауырады?

13 Шілде, 2019 317 0

NewsROOM+. Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік.

Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді

Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу – басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру.

боль-в-спине-у-девушки-симптомы-радикулита

Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз.

Етбетіңізбен ұйықтайсыз

Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқаға күш түсірмейді. Егер басқаша қалыпта көз іле алмайтын болсаңыз, омыртқа мен бұлшықетке түсетін қысымды азайту үшін жамбас тұсыңызға жастық қойып ұйықтаңыз. Тіпті, төсегіңіздің қатты не тым жұмсақ болуынан да беліңіз ауырады.

Темекі шегесіз 

Темекі – жүрек пен өкпенің ғана жауы емес. басқаларға қарағанда шылымға құмартқандардың омыртқасы тез зақымданады. Никотин омыртқаға қанның баруын баяулатып, оның жарақат алып қалу қаупін өсіреді. Сондай-ақ, темекі адам ағзасындағы кальцийді өзіне сіңіріп алады да, сүйектердің жағдайы нашарлай бастайды. Темекіні тастайтын уақытыңыз болған жоқ па? 
                            </div>

                            <div class=

Тегтер: бел, ауру, ем, жұмыс, омыртқа

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.