Путин мен Зеленский Донбастағы жағдайды талқылады

12 Шілде, 2019 235 0

NewsROOM+. Ресей президенті Владимир Путин Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары телефон арқылы Украинаның шығысындағы жағдай мен тұтқындарды айырбастау мәселесін талқылаған.

Президенттер сонымен бірге "норманд төрттігі" аясында кездесу мүмкіндігін талқылаған. Осының алдында Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізу үшін бірқатар шарттар қойған.

Ресей президентінің сөзінше, "норманд төрттігі" бойынша кездесу тек Украинадағы парламент сайлауынан кейін, үкіметтің жаңа құрылымы жасақталғаннан кейін мүмкін. Бірақ Путин келіссөз форматын кеңейтуге қарсы емес екенін атап өткен.

Донбастағы жағдайды реттеу үшін құрылған "норманд төрттігі" құрамына Франция, Германия, Украина және Ресей кіреді. Зеленский бұл құрамға АҚШ-ты қосып, жаңа келіссөзді Минскіде өткізуді ұсынған.

Украина президентінің бұл ұсынысына Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жауап берген. Ол Зеленский ұсынысын Фейсбук арқылы жария түрде емес, дипломатиялық каналдар арқылы айтуы керек еді деген.

Дереккөз: Abai.kz

Тегтер: ВладимирПутин, Украина, Зеленский

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.