Жаңаөзен қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды

11 Шілде, 2019 91 0

NewsROOM+. Жаңаөзен қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Аманғали Сүлейменұлы Нұрдәулетов тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz

Аманғали Сүлейменұлы 1981 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 2006 жылы Ақтау қаласы әкімінің аппаратында іс жүргізуші қызметінен бастап, кейін ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 

01.2007-06.2007 жылдары «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы бөлімі бастығының міндетін атқарған. 

08.2010-10.2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті көші-қон саясатын жүзеге асыру жөніндегі бөлмінің жетекші маманы болды.

10.2010-11.2010 жылдары «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы қызметінде болды. 

11.2010-08.2011 жылдары «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы қызметін атқарған. 

08.2011-01.2012 жылдары Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы болған. 

01.2012-11.2012 жылдары «Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару қызметі» ММ бастықтың орынбасары болып қызмет етті. 

11.2012-04.2013 жылдары «Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару қызметі» ММ бастығы болған. 

04.2013-03.2016 жылдары Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының әкімі болып тағайындалған. 

04.2016-02.2018 жылдары Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметінде болды. 

02.2018-07.2018 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

07.2018 жылдан бастап — қазіргі таңға дейін Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Тегтер: Жаңаөзенқаласы, әкім, әлеуметтікмәселелержөніндегіорынбасары, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.