«Түрме вице-министр көзімен»: Суханбердиева 34 күндік қамауда кітап жазған

11 Шілде, 2019 172 0

NewsROOM+. Экс білім және ғылым вице-министрі 34 күндік қамауда «Түрме- вице-министр көзімен» атты кітап жазып шыққан. Ол бұл туралы сот отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты.

Ол бұл кітапты жақын арада шығаратын ойы бар екенін айтты. Экс вице-министрге шетелдік және ресейлік БАҚ өкілдері ұсыныс тастаған. Алайда Суханбердиева кітапты Қазақстанда шығаруға шешім қабылдапты.

«Түрмеде өткізген 34 күнде мен кітап жаздым. Кітап жақында шығады. Бұл әйелдер түрмесі жайлы алғашқы кітап. «Түрме вице-министр көзімен» атты өте қызық кітап болады. Мұнда тек менің түрмеде өткізген өмірім емес, сондағы барлық адамдар мен олардың ойлары туралы жазылады»,-деді Суханбердиева.

Сот отырысынан кейін журналистер экс вице-министрден алдағы уақытта қай салада жұмыс жасағысы келетінін сұрады. 

«Кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар, сондай-ақ ұстаздық етуге болады», - деді

Сонымен қатар, ол сот үкіміне шағым түсіру үшін Жоғарғы сотқа жүгінуге ниетті екенін атап өтті.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: Эксбілімжәнеғылымвице-министрі, «Түрме-вице-министркөзімен», кітап, Суханбердиева

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.