Өскеменде енесі келінін пышақтап тастады

11 Шілде, 2019 475 0

NewsROOM+. Өскемен тұрғыны өз келінін пышақтап тастады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Марқұм күйеуінің анасымен кездескен келін енесінен мұндай қадам күтпеген. Екеуі де өткенді еске алып әңгіме-дүкен құруды ойлағанымен, оқиға мүлдем басқаша аяқталған.

Сөз арасында жұбайын жамандаған келін енесінің әбден ашуына тиген. Ақыр соңында енесі пышақты сілтей жөнелген көрінеді. Біреудің аялап отырған қызын бірнеше жерден жаралаған әйел төгілген қанды көргеннен кейін ғана есін жиып, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Аталған оқиғаны Өскемен қалалық №2 соты қарады. Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған. Ал келіні болса, енесін кешіріп отыр. Сот үкімі бойынша, айыпталушыға 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру және 300 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, 50 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Өскемен, ене, келін, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.