Денис Теннің өлімі бойынша қамалған әйел ұлды болды, енді қайтадан абақтыға оралады

10 Шілде, 2019 202 0

NewsROOM+. Абақтыда босанған келіншек бұған дейін Алматы сотының шешімімен жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде өтейтін болған. Алайда, Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Бас прокуратураның шағымын қанағаттандырып отыр, деп жазды KYN.KZ  KTK арнасына сілтеме жасай отырып.

Құрсағындағы сәбиімен үкімді естіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылған Толыбаева наурыз айының басында ұл босанған еді. Кейін осы жағдайға байланысты сотталушының жазасы жеңілдеп, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеге ауыстырылды.

Бірақ, Бас прокуратураның наразылығынан соң Алматы сотының шешімі күшін жоймақ. Айта кетейік, Жанар Толыбаеваға атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендердің қылмысын жасырды деген айып тағылған.

Ал, спортшыны көлігінің айнасы үшін ажал құштырған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жыл өмірін темір торда өткізеді.

Тегтер: ДенисТен, абақты, өлім, Алматы, сот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.