Түркістан әкімі қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады

10 Шілде, 2019 84 0

Түркістан әкімі Рашид Аюпов қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. 

"Сіздерге Түркістанның жаңа логотипінің жобасын ұсынамын! Біз онда ежелгі және қазіргі заманғы миксті көрсетуге тырыстық. Қала өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи болуы керек. Логотиптің негізгі сарыны Жібек жолы бойындағы қозғалыс. Таяуда ол қоғамдық тыңдауда, содан кейін мәслихат сессиясында талқыланатын болады", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында қала әкімі Рашид Аюпов. 

Аюповтың айтуынша, егер бұл жоба бекітілсе, жаңа логотип қаладағы көптеген нысандарда пайда болады. 


Тегтер: түркістан, шөкеев, аюпов, жаңалықтар, логотип, қала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.