Өркен Кенжебек: тергеу изоляторы менің білуімше бұл әлі түрме емес

10 Шілде, 2019 162 0

Бүгін сот залынан босап шыққан білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кітап жазғанын мәлімдеді. Осы орайда, танымал блогер әрі журналист Өркен Кенжебек былай деп пікір білдіріпті: 

Эльмира Суханбердиева деген әйел бар. 6 млн 300 мың теңге беріп, бүгін соттан босап шықты. Не үшін сотталып еді дейсіздер ме, жай, болмайтын іс) Ең қызығы, сол әпкеміз 34 күн тергеу изоляторында сот шешімін күтіп отырғанда «Вице-министрдің көзімен қарағандағы түрме» деге кітап жазып шығыпты. Бұл еліміздегі әйелдер түрмесі жайлы алғашқы кітап болады және ол жақында шығады депті. Бірақ, тергеу изоляторы менің білуімше бұл әлі түрме емес. Әлде қазір олай емес пе? Сонда 34 күнде тергеу изоляторында не көруге болады? Франкл концлагерде үш жыл жатып барып, психологиядан кітабын жазды. Мұса Жәлел немістің тұтқынында жүріп, өлеңдерін жазды дегендей. Кітаптың қадірі түсіп кетті ме, әлде нәзік жанды әйел үшін әйелдер түрмесі тым қатал болды ма екен? Просто, бұл сөзі Еркін Рақышевтің "5 күнде сценарий жазып, 10 күнде түсіріп, 3 күнде монтаждадым" (шамамен) дегені секілді болып оқылды маған. Как-то несеръезно)


Дереккөз: Өркен Кенжебектің фейсбук парақшасы

Тегтер: өркен, кенжебек, жаңалықтар, эльмира, суханбердиева, қазақстан, қоғам, кітап

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.