"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды

10 Шілде, 2019 133 0

Бүгін сот залынан босатылған бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауда отырған кезде кітап жазғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Түрмеде отырған 34 күн бойы мен кітап жаздым. Оның аты - "Түрме вице-министрдің көзімен". Жақын арада жарыққа шығады. Бұл өте қызықты кітап болады. Ол мен туралы автобиография емес, сан алуан адамдардың пікірі енгізіледі. Мен оны аяқтауға жақынмын. Әдеби түзетулер ғана қалды", - деді Суханбердиева.

Оның айтуынша, бұл кітапты шетелдіктер сұрап отыр. Бірақ вице-министр оны алдымен Қазақстанда таратамын дейді.

"Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын", - деді Суханбердиева.

Тегтер: суханбердиева, жаңалықтар, кітап, қазақстан, әлем, эльмира, суханбердиева

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.