Шымкенттіктер неге қыз алып қашқыш – әкімнің жауабы

09 Шілде, 2019 194 0

NewsROOM+. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың ойынша, Шымкентте қыз алу қашу дәстүрінің кеңінен тарағаны – қауесет. Көп жағдайда жігіттер қыздарды қыздың келісімімен алып қашады, деді әкім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысынан кейін журналистер әкімнен қыз алып қашу деген ескі дәстүрмен қалай күрес жүргізіліп жатқаны туралы сұраған еді.

– Біріншіден, Шымкентте қыздарды алып қашу жоқ. Бірақ енді, кейде осындай әңгімелерге қарап, мұны Шымкент туралы көптеген қауесеттердің бірі деп санаймын. Меніңше, қызды еркінен тыс ешкім алып қашпайды, қыздардың өзі ол, өздерін алып қашқанды қалайды, – деп жауап берді Әбідрахымов.

Тегтер: ҒабидоллаӘбдірахымов, қызалыпқашу, Шымкент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.