Аспаннан түскен мәйіт Лондон тұрғынын жазым ете жаздады

02 Шілде, 2019 373 0

NewsROOM+. Лондонның Клэпхэм ауданында өз ауласында күн шуағына арқасын қыздырып жатқан адамның дәл жанына аспаннан мүрде құлады, деп хабарлайды ВВС.

Оқыс жағдайдан жаға ұстаған тұрғындар шұғыл полиция шақырады. Анықталғандай, адам денесі Хитроу әуежайына қонардың алдында Kenya Airways әуе компаниясы ұшағының шассиінен құлаған. 

Скотленд-Ярд өкілдерінің жорамалынша, мерт болған адам билетсіз ұшқан көрінеді. Жолаушы өзімен бірге ас-суын да алып алған екен. Олар кейінірек ер адам жасырынып отырған жерден - шасси бөлігінен табылды. 

Айта кетейік, ұшақ Найробиден Лондонға дейін 9 сағаттай ұшқан. 

Жазым болған адамның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Тегтер: Лондон, ұшақ, мәйіт, аспан, әуежай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.