Әдебиет саласында қалам тербеп жүргендерге жағымды жаңалық

01 Шілде, 2019 285 0

NewsROOM+. Бүгіннен бастап «Алтын Тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдауды бастаймыз. Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге. Шығармалар at2019@fpp.kz сілтемесі бойынша қабылданады. 

Осымен бесінші рет өткізілгелі тұрған байқау Жастар жылына арналады. Шығармалар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша қабылданады. Әр жеңімпазға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалады. 

Жастар жылына арналған арнайы номинация «Ұлы даланың жасампаз ұрпағы» тақырыбында жазылған «Ең үздік шығарма» деп аталады. Оның сыйақы көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар қабылданады.

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерден құралған Қазылар алқасы сараптайды және олар авторлардың есімдерін алдын ала білмейді. 

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. 

Өтінімдер 2019 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпаздар есімі (сыйлық лауреаттары) 2019 ж. желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде жарияланады. Толық ақпаратпен  www.fpp.kz  сайтынан танысуға болады.

Тегтер: АлтынТобылғы, ЖастарЖылы, Әдебиет, ҰлыДала, ТұңғышПрезидентҚоры, fpp_kz, Елбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.