Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

28 Маусым, 2019 188 0

NewsROOM+. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін Бақытжан Әбдірұлы Президент әкімшілігінің басшысы болған. Ол қызметке Қырымбек Көшербаев тағайындалған болатын.

  • Сағынтаев 2016 жылдан бері Қазақстанның үкімет басшысы қызметінде болған.
  • Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған.
  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.
  • Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады.
  • 1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі еңбек жолынан өтті.

2015 жылдан бері қаланы Бауыржан Байбек басқарған болатын.

Дереккөз: holanews.kz

Тегтер: БақытжанӘбдірұлыСағынтаев, әкім, Алматы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.