Арыс пен жарылыс туралы өсек таратқан үш адам ұсталды

27 Маусым, 2019 645 0

NewsROOM+. Шымкент қаласының полиция Департаменті қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқандары үшін екі әйел адамды ұстады. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247-бабыбының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды.

Еске сала кетейік, ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады.

Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды.

Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдейді. Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде Ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз.


Тегтер: Арыс, жарылыс, қуаттыбомба, өсек, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.