Арыста көз жұмған екі адамның кім екені белгілі болды

25 Маусым, 2019 438 0

NewsROOM+. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Арыстағы жағдайдан қаза тапқан екі адам туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz

"Бүгінгі таңда екі адамның қаза болғанын растаймыз. Бірі - Арыс қаласының тұрғыны. Снаряд автомобильге түсіп, сол жерде жүрген адам жарақат алып, көз жұмды. Екінші қаза тапқан адам – ҚР Қорғаныс министрлігінде келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшісі. Оның денесі іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында әскери бөлімге жақын жерден табылды", - деді Ильин.

Оның айтуынша, әскери бөлім тұрақты орналсу жерінде орналасқан. Алғашқы жарылыс кезінде жеке құрамды жасыру,  кейіннен әскери қызметшілерді де, олардың отбасы мүшелерін де эвакуациялау жүргізілді.

"Жеке құрам орнында болды. Екі адамның қаза тапқанын ресми мәлімдейміз. Бұл расталған факт. Одан әрі минасыздандыру  кезінде ақпарат, жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланады", - деді Ильин.


Тегтер: Арыс, жарылыс, қазатапқандар, мәлімдеме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.