Бердібек Сапарбаев оралмандар туралы: Баспана берілуі тиіс

24 Маусым, 2019 245 0

NewsROOM+. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде тарихи отанына оралғысы келетін этникалық қазақтарды қолдау туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz 

Кездесу барысында министрден шетелдерде жүрген 3 миллионнан аса қандастарымыздың тарихи отанына оралуы үшін қандай ынталандыру және қолдау шаралары қарастырылғанын сұрады. 

Өз жауабында министр, біріншіден, отандастарымызға еліміздің кез келген өңірінде өмір сүру мүмкіндігі берілетінін айтты. 

«Екіншіден, көшіп келгенде жәрдемақы төленеді. Меніңше, отбасының әр мүшесіне 8 мың теңгенің шамасында беріледі», - дейді Сапарбаев. 

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев баспанасы жоқтарға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілетінін айтты. 

«Егер бірден пәтер немесе тұрғын үй берілмесе, қала немесе ауылда тұратынына байланысты, 12 ай көлемінде 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін төленеді. Естеріңізде болса, 10 жыл бұрын, бізде оралмандарға арналған бейімдеу орталықтары, жатақханалар болды. Өкінішке орай, олардың қайда кеткенін білмеймін. Алайда мұнымен айналысу керек. Қазір осыған қатысты жұмыстар жүргізілуде», - дейді министр.

Министрдің сөзінше, тарихи отанына оралған қандастарымызға баспана беріледі. 

«Бұл мәселеге қатысты тиісті комитетке тапсырма берілді. Бастапқыда қандай да бір баспана берілуі тиіс. Дегенмен олар басқа мемлекеттен келді. Мұнда таныстары, туыстары жоқ», - дейді ол. 


Тегтер: БердібекСапарбаев, оралмандар, баспана, этникалыққазақтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.