Арыстағы төтенше жағдай облыс басшысының бақылауында

24 Маусым, 2019 372 0

NewsROOM+. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды

1.Ақдала бұрылысы

2. 41 разъезд

3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.

Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.

Тегтер: Арыс, Түркістаноблысы, жарылыс, әскерибөлімше

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.