Шу ауданында үшке толмаған қызды 25 жастағы азамат зорлап, өлтіріп қоя жаздады

22 Маусым, 2019 3765 0

NewsROOM+. Жамбыл облысында үшке толмаған қыз зорланып, ауыр халде ауруханаға түсті. Қазір бүлдіршіннің жағдайы бірқалыпты ауыр. Оны зорлады деген күдікке сол ауылдың 25 жастағы тұрғыны ілінді. Қазір ол уақытша тергеу абақтысына қамалды.  KYN.KZ  тілшісіне оқиғаны жәбірленушінің көршісі баяндап берді.

Оқиға Шу қаласына қарасты Қант зауыты ауданында болған. Күдікті далада ойнап жүрген қыз баланы алдап, үйіне кіргізген. Арам пиғылын жүзеге асырған кезде қыз жан ұшыра айқайлаған. Ал күдікті есікті ашпай қойыпты.

Бүлдіршіннің әкесі бір топ адаммен бірігіп, есікті бұзып кірген кезде зорлықшы терезеден секіріп қаша жөнеліпті.

Ауыл тұрғындары қуып жетіп, жігітті ұстап алған. Полиция келгенше тұрғындар оны жіппен байлап отырыпты.

Жақын көршілеріне дейін ол үйдің тұрғындарын жақсы танымайды екен. Өйткені күдікті жақында ғана анасымен бірге көшіп келіпті. Ұлы ауыр қылмыс жасағаннан кейін бе, белгісіз анасы есікті сыртынан жауып кетіп қалыпты.

Түс уақытында халық шулап кеткен жерге жақын көршілердің барлығы жиналып қалған. Олардың айтуынша күдікті ойына келгенін істеген жердеің барлығы қанға боялған.

Бүлдіршін болса көп қан жоғалтып, жедел жәрдем келгенше әрең шыдаған. Дәрігерлер оның ауруханаға түскен сәттегі жағдайын аса ауыр деп бағалаған.

Тегтер: Жамбылоблысы, қыз, зорлық, тергеу, аурухана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.