Ақтөбеде арбада отырған мүгедекті белгісіз біреулер еріксіз алып кетпек болған

21 Маусым, 2019 341 0

NewsROOM+. Ақтөбеде арбада отырған мүгедекті белгісіз біреулер еріксіз алып кетпек болған. Оны көрген сол маңдағы жігіттер көмекке келіп, арты төбелеске ұласты.

Қаланың қақ ортасында жұдырықтасқандарды қазір тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ақ көлік мінген жігіттер көшеде қайыр сұрап отырған қартты сүйрей жөнеледі.

Үй-күйі жоқ мүгедек осы маңда үнемі тіленші болып отырады екен. Оны не үшін алып қашпақ болғаны әзірге белгісіз. Қайыр сұратып, түскен пайданы өздері иемденбек болған деген де болжам бар.

«Болған оқиға бойынша такси жүргізуші анықталды. Одан түсініктеме алынды. Қазіргі таңда қалған осы оқиғаға қатысты тұлғалар анықталу үстінде. Олар анықталып, ұсталғаннан кейін нақты хабарлама бере аламыз»- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов

Дереккөз: kyn.kz

Тегтер: Ақтөбе, ерікті, мүгедек, көмек, арба, машина

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.