Тарихи кітаптар жарық көрді

21 Маусым, 2019 485 0

NewsROOM+. Елордамызда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтынын бас сарапшысы және тарихшы Радик Темірғалиевтің кітаптарының топтамалық басылымының тұсаукесері өтті. Топтама «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Қазақтар және Ресей», «Соңғы батырлар дәуірі» және «Қазақтар. Бабалар жолы» атты кітаптардан құралған.

Радик Темірғалиев – Қазақстан тарихы туралы көптеген кітаптар мен мақалалар авторы. Оның зерттеулері отандық тарихтың түрлі аспектілерін қамтиды, атап айтсақ, қазақ мемлекетінің қалыптасуы, этнос ретінде қалыптасудың алғы шарттары, көрші елдермен қарым-қатынас және Қазақстан үшін тағдыршешті мәселелерді қабылдаудағы түрлі жағдайлар мен тұлғалардың рөлі деген тақырыптар.

«Өкінішке орай, Қазақстанда Радик Темірғалиев сынды тарихшылар жоқтың қасы. Бір жағынан, сапалы жұмыс жазатын тарихшы-ғалымдар бар, бірақ олар өз кәсіби ортасының мамандарына ғана түсінікті форматта жазады, өз кезегінде ол көпшілік оқырманға түсініксіз. Екінші жағынан, дилетант авторлар бар, олар антиғылымдық жұмыстарын тартымды орамада ұсынады, бірақ ондай өнім керісінше еліміздегі тарихи білім ахуалын одан сайын өршіктіреді. Темірғалиев сапалы ғылыми-тарихи материалды көпшілікке оңай түрде жеткізе білетін санаулы жазушының үлгісі болып саналады. Ол біздің идеологиялық тәуелсіздігіміздің нығаюына  өте маңызды, әсіресе тарихты тиімді жеткізе білу мәселесі бүгінгі таңда кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте өзекті тақырып болып отырған кезеңде»,– деді ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Темірғалиевтің еңбектері әрқашан да сұранысқа ие, негізі топтаманы қайта басып шығару туралы сұрақ әлдеқашан туындаған болатын. Идея Арнур Нұрқатов, Адал Исабеков, Оразхан Қарсыбеков және Қанат Нұровтың қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Топтамалық басылымның тұсау кесерінде оқырмандар жазушының шығармашылығымен танысты және өздерін қызықтырған сұрақтарын жолдап, кітаптарына естелікке қол қойғызды.

Радик Темирғалиев, қатысушылардың тарих ғылым ретінде неге толық жетілмегендігі және оның дәлсіздіктері туралы сұрақтарына жауап бере отырып, өз пікірін де білдірді:«Тарихты жеткізу мен түсіндіру барысында кез-келген қате мен жаңылысу тек қана жеке бір зерттеушінің сәтсіздіктерін айғақтайтынын түсіну қажет. Тарих – бұл тарихшылар емес...

Шынына келсек, адам қандай да бір білім алып мен шеберлікті игерген кезде адамзат тарихын танып-біледі... Мекемелердің кей элементтерді көшіруі мен қолдануы немесе керісінше бұрын жіберілген қателерден қорғаныс механизмін пайдалануы, бұл да практикалық тұрғыдан тарихи білімді игеру болып саналады».

Қазіргі оқырмандар тарапынан отандық тарихқа деген қызығушылық өте жоғары екені байқалады.Іс-шараға әртүрлі әлеуметтік және жас топтары өкілдерінің қатысуы және тұсаукесер басталмас бұрын бос орындардың қалмауы презентацияның сәтті өткенін айғақтайды. Оқырмандар көптеген өзекті әрі қызықты сұрақтар қойып, бірнеше сағат бойы авторды жібергілері келмеді.

Журналист және кинокритик Төлеген Байтукенов: «Радик Темирғалиевтың тарихи кітаптары, менің пікірімше, Қазақстан және қазақ тарихына қызығушылық танытатын кез-келген адам үшін теориялық минимум болып саналады», – деді өз рецензиясында.

Презентация автограф-сессиямен аяқталды. Радик Темирғалиевтың кітаптарын «Меломан» кітап дүкендері желісінен сатып алуға болады.


Анықтама үшін:

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ)2003 жылы құрылған.Институттың негізгі қызметі әлемдік экономика, геосаясат мәселелерін, Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қызметі мен саяси мұрасын, оның Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде құру мен нығайтудағы қосқан үлесін ғылыми зерттеуге бағытталған.

ӘЭСИ өз қызметінде қоғамдық пікір-таласқа белсене араласу арқылы тәуелсіз сипаттағы зерттеулер жүргізеді және талдау мен жоспарлау саласындағы мемлекеттің сараптау жұмыстарына жүйелі түрде қатысады

Тегтер: «АқОрда.Қазақхандығыныңтарихы», «ҚазақтаржәнеРесей», «Соңғыбатырлардәуірі», «Қазақтар.Бабаларжолы», тұсаукесер, кітап, РадикТемірғалиев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.