Д.Жазықбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

20 Маусым, 2019 406 0

Дархан Жазықбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.  

Дархан Медеғалиұлы 1976 жылы туған. Білімі жоғары. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірген. философ, философия оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институтында, академиясында оқытушысы, Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментінің аға инспекторы, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, ҚР ІІМ академиясы Кадрлар жұмысы бөлімінің бастығы, Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

Еске салайық, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінді - мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі. Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды,МҚІСҚА экс-басшысы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы болып тағайындалған еді.


Тегтер: дархан, жазықбаев, тағайындау, мемлекет, басшысы, жаңалықтар, қазақстан, тоқаев, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.