Меладзенің әйелі бойында қазақтың қаны бар екенін айтты (фото)

21 Маусым, 2018 293 0

Ресейлік танымал продюсер Валерий Меладзенің әйелі өз бойында қазақтың қаны бар екенін ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Елден жасырған бұл сырын әншінің жары Альбина Джанабаева Instagram парақшасы арқылы баяндады.

"Көпшілікті менің ұлтым қызықтырады. Бәрінің сұрайтыны ұлтымның кім екені. Менің бойымда орыс пен қатар қазақтың да қаны бар. Осыдан екі-үш күн бұрын өзімнің тарихи отаным Астанадан оралдым", - деді Джанабаева.

Айта кетейік, Валерий Меладзе мен Альбина Джанабаева екі ұлді тәрбиелеп отыр. Олар 14 жастағы Константин мен 4 жастағы Луканы тәрбиелеп отыр.

 

Тегтер: меладзе, джанабаева, альбина, қазақ

Пікір қалдыру