Берік Уәли қандай қызметке барады?

21 Маусым, 2018 471 0

Осыдан екі жыл бұрын ҚР Инвестициялар және даму министріне кеңесші-департамент директоры лауазымына тағайындалған белгілі журналист және қоғам қайраткері Берік Уәли бұл қызметінен кеткен секілді. 

Себебі, 21 маусым күні министр Жеңіс Қасымбек өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде: «Осыдан екі жыл бұрын министрліктің жұмысын жандандырып, қоғаммен байланысты нығайту, ведомствоның сан салалы қызметін бұқараға жеткізу мақсатында арнайы департамент құрылып, бұл қызметті Берік Уəлиге сеніп тапсырған едік. Берік Уəлиұлы бұл үдеден шығып, кәсіби маман екенін орталық мемлекеттік органда да дəлелдеді. Ендігі ретте екі жыл бойы министрлікте жиған тəжірибеңіз келешегіңізді кемелдендіре түседі деп ойлаймын. Қоғам белсендісі, тележүргізуші ретінде ойын ашық айтып, мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген әріптесімнің алдағы қызметіне толағай табыс тілеймін!» - деп жазды.

Үнемі барған жеріне тастай батып, судай сіңетін іскер медиа-менеджер Берік Уәли мырза қандай қызметке тағайындалады, жаңадан құрылып жатқан Түркістан облысына баруы мүмкін бе, әлде бұрын өзінің басшысы болған Асқар Мырзахметовтың командасына бара ма? Бейресми ақпарат көздері Астанада қалып, басқа министрлікке ауысады деп жатыр. Берік Уәлидің жәй жүріс жасамайтынын және «журналистердің арасындағы мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы журналист» деген атына сай, жақында әлеуметтік желідегі парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін де жазып еді. Дегенмен, мұндай болжамдардың бәрін уақыт еншісіне қалдыра тұрсақ.


NewsRoom+ ақпарат



Тегтер: жеңіс, қасымбек, берік, уәли, тағайындау, қызмет

Пікір қалдыру