Қазақстан Қытайға 203 млн доллар қарыз. Неге?

14 Маусым, 2019 588 0

NewsROOM+. Қазақстан LRT құрылысы үшін Қытайға 203 миллион доллар қарыз. Бұл туралы елорда әкімшілігінде сөз болды. Көлік және жол-көлік инфраструктураларын дамыту басқармасының мәліметінше, біздің ел жасалған жұмыстар үшін қаражатты қытайлық компаниядан қарызға алған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

22 шақырым аумақты алып жатқан құрылыс алаңындағы әрекеттің қайта жанданар уақыты беймәлім. Бір анық – құрылыс қайта қаржыландыру жүзеге асқаннан кейін басталмақ.

Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын аталған жобаны жергілікті әкімшілік пен Үкімет ішкі қаржы көздері арқылы жандандыруды көздеп отырғаны мәлім болған. Демек, жер үсті метросы келесі жылдың екінші жартысында қолданысқа енуі мүмкін.

Қазірге дейін атқарылған жұмыстардың белгілі бір бөлігін қытайлық компания қаржыландырып келген. Іске асқан жұмыстың құны – 203 миллион АҚШ доллары.

Тегтер: қытай, қарыз, LRT

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.