"Бұл жай ғана профилактикалық шара болды": ІІМ Алматы мен Нұр-Сұлтанда адамдарды ұстау оқиғасына қатысты

13 Маусым, 2019 569 0

NewsROOM+. 12 маусымда Алматыда және Нұр-Султанда алдын алу шаралары кезінде ұсталғандар жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, 12 маусымда әлеуметтік желілерде заңсыщз митингілерге шығу туралы айтылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін профилактикалық шаралар қабылдады.

"Сәкіде отырған немесе басқа жерлерде отырған азаматтарды ұстау туралы бүгінгі күні фактілер тіркелген жоқ. Әрі қарай тексеру барысында белігеі болса, шара қолданылады. Барлық іс-әрекеттердің құқықтық бағасы кейінірек берілетін болады", - деді Байболв журналистердің сұрағына жауап берді.

Мақсат Байболовтың айтуынша, қалалық полиция қаладағы азаматтардың ешқайсысын ұстаған жоқ, тек профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов, өз бетінше желіде рұқсат етілмеген әрекеттерге шақыру әкімшілік құқық бұзушылықтың бір элементі болып табылатынын айтты. Әлеуметтік желілердегі осындай хабарлар тараса, құқық қорғау органдары профилактикалық шара жүргізеді.

Бұдан басқа, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, айқай-шуға байланысты азаматтардан мыңдаған шағымдар келіп түскен. Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережесінің бұзылғаны туралы шағым айтты.

"Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттерді болдырмау және қылмыскерлерді ұстау бойынша шаралар қабылдады, полицияның әрекетінен зардап шеккендер туралы әлеуметтік желілерде таратылатын ақпаратжалған", - деді Нұрпейісов.

Барлық оқиғалар заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілгенін сеніммен айта аламыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дұрыс әрекет жасады.

Дереккөз: stan.kz


Тегтер: полиция, митинг, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.