Жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды

13 Маусым, 2019 546 0

NewsROOM+. ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 1982 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. 2003 және 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2009 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, «саясаттану ғылымдары» бағыты бойынша РhD (саясаттану докторы) ғылыми дәрежесін иемденді. 

Еңбек жолын 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы ретінде бастаған. 

2004-2005 жылдар аралығында «Ансар» жастар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Медиа СП» ЖШС директоры болған. 

2005-2012 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті болып қызмет атқарған. 

Қарағанды қалалық мәслихаты III және IV шақырылымының депутаты болды. 

2012 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметте. Жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.



Тегтер: білімжәнеғылымминистрі, АсхатАймағамбетов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.