Twitter Головкиннің аккаунтын бұғаттап тастады

13 Маусым, 2019 478 0

NewsROOM+. Twitter микроблог желісі орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің аккаунтын бұғаттады, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұғаттау себебі ретінде сервисті пайдалану ережелерінің бұзылуы аталады. Бірақ нақты қандай ереже бұзылғаны айтылмаған. Головкиннің командасы бұл жағдайға байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Бұған дейін супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, британиялық боксшы Тайсон Фьюри де (27-0-1, 19 KO) осындай жағдайға тап болған. Оның Twitter-аккаунтына хакерлік шабуыл жасалып, бұғатталып қалған болатын. Оның аккаунты кейін қалпына келтірілген.

Головкиннің аккаунтына да хакерлік шабуыл жасалған болуы мүмкін.

Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізіп, бұған дейін жеңілмеген қарсыласы Стив Роллсты (19-1, 10 КО) төртінші раундта нокаутпен жеңді.

Тегтер: GGG, twitter

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.