Алматыда педофил алты жасар қызға шабуыл жасады

12 Маусым, 2019 225 0

NewsROOM+. Алматыда 6 жасар қызды алдамақ болған педофил қолға түсті, деп хабарлайды полиция департаменті.

11 маусымда педофил алты жасар қызды алдап алып бара жатқан жерінен ұсталды. 

Кішкентай балақайды уысына түсірмекші болған 25 жастағы бейтаныс адам қызға дәрілік шөптерді жинауды ұсынып, ауыл шетіне алып барған. Арам пиғылды азамат бүлдіршіннің киімін шеше бастағанда ол шыңғырып жіберген. Кішкентай балақайдың даусын естіген жергілікті тұрғын дер кезінде көмекке барып, қызды аман алып қалған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің үстінен тергеу жұмыстарын жүргізуде жәнеуақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Тегтер: Алматы, педофил

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.