Telegram мессенджеріне VPN-сіз қалай кіреміз?

12 Маусым, 2019 186 0

NewsROOM+. Telegram - смартфон және тағы басқа құрылғылар арқылы мәтіндік xабарламалар алмасуға мүмкіндік беретін мессенджер. Жоба Павел Дуровтың көмегімен 2013 жылдың 6-ші қыркүйегінде жарыққа шықты. 2018 жылы жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, telegram-ды ай сайын 200 млн-ға жуық адам қолданады.

Бұл мессенджер Қазақстанда да танымал. Дегенмен бүгінде telegram, instagram, whatsapp сияқты әлеуметтік желілер жиі бұғатталып жатыр. Ал осының қалай алдын аламыз? Telegram-ның бұғатталуынан қалай шығуға болады?

Telegram, Instagram, Whatsapp әлеуметтік желілері бұғатталған кезде көбісі VPN-ді (App Store немесе Play Market-те жүктеуге болады) қолданады. Бірақ кейде бұл қосымшаның өзі істен шығып, дұрыс жұмыс атқармауы мүмкін. Осындай кезде Telegram-ның "прокси" қызметін пайдалануға болады. Оны қалай қосамыз?

1. Telegram-ның "настройки" бөліміне өтіп, "Данные и диски" немесе Data and Storage-ге кіреміз;

2. "Использовать прокси"/ Use Proxy-ге басамыз;

3. Одан кейін SOCKS5-ті таңдаймыз;

4. Енді сервер мен портты белгілеу керек. Оны қайдан табамыз? Интернетте Hideip атты пайдалы сервис бар. Осы жерге кіріп, SOCKS5-ті белгілейміз. Кейін өзімізге ұнайтын елді таңдаймыз (Біз Бразилияны таңдадық). Елдің сол жақ шетіндегі сандарды (қос нүктеге дейін "Сервер" деген жерге, ал қос нүктеден кейін сандарды "Порт"-қа) жазамыз. Сосын "готово" батырмасын басып, сақтаймыз;

5. Ал енді сіздің телеграмыңыз VPN-ның көмегінсіз-ақ жұмыс істей береді.

P.S. "Прокси" қызметін өшіргіңіз келсе, қайтадан кіріп, "удалить" немесе "использовать прокси" батырмасын басуға болады.

Материал @threedotskz instagram парақшасынан алынды

Тегтер: Telegram, Instagram, Whatsapp, әлеуметтікжелілер, VPN

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.